Ақтөбеде қаза тапқан азаматтардың балалары «Балдәурен» лагерінде демалады

09.06.2016 1512
Бүгін - ұлттық аза тұту күні

Ұлттық аза тұту күнінде Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Ақтөбедегі лаңкестік оқиғаның нәтижесінде қаза тапқан азаматтардың отбасылардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты.

 

Ерлан Сағадиев қаза болған азаматтардың балаларына «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында (Бурабай, Ақмола обл.) тегін, әрі олардың жағдайын оңалтуға қажетті деп табылатын мерзімге демалуларына мүмкіндік берілетіні жөнінде мәлімдеді.

Ұсынылып отырған орталықта балалардың толыққанды демалып, психологиялық тұрғыдан сауығуларына барлық жағдай жасалған – тұрмысқа жайлы тұрғын корпустар, үйлесімді тағам, медициналық бақылау, концерттік және спорттық алаңдар, әртүрлі үйірмелер және көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып отыр.

Психологиялық-педагогикалық көмекпен қатар, толыққанды демалыс пен құрбы-құрдастарымен қатынаста болған балалардың психологиялық жағдайы тұрақтанып, олардың жан күйзелісінен, жайсыздық сезінуден немесе жабырқаудан қорғалуына септігін тигізеді.

 

 

 

 

 

 

Ұқсас материалдар