Қандастар Ассамблея

А.Байтұрсынұлы шаруа жайында

28.08.2014 1844
Қазақ жеріндегі шаруалық – мал бағу мен егін егу. Мал бағу қазақтың көптен істеп келе жатқан ісі, ата кәсіп.

Қазақ жеріндегі шаруалық – мал бағу мен егін егу. Мал бағу қазақтың көптен істеп келе жатқан ісі, ата кәсіп. Мал бағу жайын ешкімнен үйренбей-ақ, өзіміз де білеміз деп жүр. Қазақ мал бағу жайын білмейді деп бізде айтпаймыз. Бірақ білім дәрежесі неше қабат. Қазақтың мал ұстау турасындағы білімі ең төмен қабатында. Қазақтың бұл білімі жердің молшылығында ғана білім болып жүр. Жер тарылса, бұл білімімен мал бағып күн көруге болмайды.

Қазақ егін егуге кіріскелі де біраз жыл болды. Егін тура- сындағы білімді де қазақтар біліп болдық деп жүр. Егін жайын- да ешкімнен үйрене қойатын емес.

Біздің қарауымызша, егін турасындағы білімі де мал турасындағы білімі сыйақты жердің молшылығында ілім болып жүр. Жер азайса, ол біліммен алыс кетпейтін болар. Қазірінде қазақтардың сұрып жерлерді еркінше жыртып, со- ныдан соныға түсіп отырғанда мұжықтан егіні төмен шығады. Ол жер дәрежесінің төмендігінен емес, білім дәрежесінің төмендігінен. Қазақтың көбі егін жайынан: егін егуге жер жыр- ту, тырмалау, тұқым шашу керек екендігін ғана біледі. Осымен егін білімі тамам деп ойлайды. Қашан, қалай һәм қанша рет жырту керек, қалай етсе шашқан тұқымға жер жайлы болады, не нәрсе оған зарарлы, не нәрсе пайдалы, пайдалы нәрселерден пайда тийіу үшін, зарарлы  нәрселерден  зарар  келмес  үшін не ісиеу керек – ол жағынан қазқтың білімі тіпті нашар. Ол білімнің нашарлығы қазір жердің молшылығында сезілмейтін шығар, жер таршылыққа айналса, тез-ақ сезілер. Аз жерді осы күнгі қалпында тұтына бастаса, жерін тез-ақ тоздырмақшы. Тозған жер жаңарып жетілуіне қазақ даласында 15-20 жыл ке- рек. Қала боламыз деп ер басына 15-тен жер алғандар бұрынғы молшылық қалыппен ексе, оған өлшеулі жері шыдар ма? Жерінің бәрін тоздырып алып, ол жер түзеліп жеткенше 15-20 жыл жел оба ма?

Бұл сөзді қала боламыз деп өлшеулі жер алған қазақтардың кейбір ісінен қабар алып жазып отырмыз. Әуелі, қала болудың мәнісі не екенін білмей, көптің дүрмегімен кіріп қалып, енді не екенін көзімен көрген соң, адасқанын біліп, қалай бетін түзерін біле алмай жатқандар бар көрінеді. Қала боламыз десе де, мал- сыз күн көре алмайтын болған соң, мал бағуға қалаға деп өлшеп берген жер жетпейтін болған соң, істейін деп жатқан амалдары мынау: екі-үш утшасток қосылып, жерлерін біріктіріп, бірін қыстау бірін жайлау істемекші-міс.

Бұлары әншейін далбаса ғой. Адасқанын байқаған соң абдырағанынан істейін деп тұрған іс қой. Әйтпесе, он бес десетинадан ұлтарақтай жерлерді құрастырып, жайлау, қыстау дегенмен, есебі байағы бір он бес қой. Қалай қарай тартсаң да жер созылып, молаймайды ғой.

Әуелі, малсыз күн көре алмайтын болғанда, «сау басыңа сақина тілеп алмасқа» керек еді. Қала болу не екенін білмей барып, торға түсіп қалсаң, ендігі істейтін іс, біздің ойлауы- мызша, бұрынғы «жайлау» деген атты жоқтау болмасқа тиіс. Өткен – өтті, іздегенмен, таптырмайды, қуғанмен, жеткізбейді. Өткенді қуғанды қойып, осы күйіңді түзеуге жөн іздеу тиіс. Ен- дігі істейтін іс утшастоктарды құрастырып, мынау жайлау, мы- нау қыстау деп ат қойып, құр көңіл жұбату емес. Көрпең қысқа болса, көсілуге жетпейді, созғаныңмен молаймайды. Көрпе жетсін десек, істерлік жалғыз-ақ амал бар: көсілуді қойып, айақты жийіу. Сондай-ақ, аз жерге істер жалғыз-ақ амал бар: жердің тапшылығына істейтін амалға түсу керек. Ол амал – аз жерден көп жердің пайдасын шығара білу. Олай етуге бұрынғы мал бағу мен егін егуге жарап жүрген білімдеріңнен басқарақ білім керек. Ол – көп малдың есесіне аз малдың асылын ұстап, толықтыратын білім, аз жерді аздырмай, көп жердің орнына тұтынатын білім. Бұл екеуі де қазақ қолданып көрмеген білім- дер.

Малдың асылын ұстау үшін қазақ қолындағы малын асыл- дандыру керек, асыл малдың ішінде қазақ жерін жерсінетін, жерсінбейтіндері болады. Оны да білу керек.

Аз жерді аздырмай, көп жер орнына тұтыну үшін асыл малға керек білімнен де көбірек білім қажет. Бірақ сол білімнің бәрі де білгісі келген адамдарға табылатын білім. Білім үшін, әуелі, керек қылу шарт, екінші, жаһат ету шарт. Бұл жоғарыда айтылған сөз қазақтың бәрі үшін, әсіресе арасындағы қала бо- ламын деп, қамытқа басын сұғып қалып, қайта шығара алмай, абдырап тұрғандар үшін. Аз жерге істейтін амал жалғыз-ақ осы.

Егін егу, мал бағу жайын жақсы білетін адамдардың сөздерін мұнан былай әр уақыт газетаға жазып тұрамыз.

1913 ж.

А.Байтұрсынұлы / "Ел - шежіре"

Ұқсас материалдар