Қандастар Ассамблея

8 наурызға қандай сыйлық берген жөн?

05.03.2016 17355
Арулар – асыл жандар

Көктемнің ең шуақты мерекесі – 8 наурыз мейрамы жақындап қалды. Мереке қарсаңында бәрі нәзік жандыларды қуанышқа бөлеу үшін сыйлық іздеп сабылады. Әр үйдің ұйтқысы болып отырған ардақты аналарымыз бен жұбайларымызға, апа-сіңілдерімізге, жеңге-келіндерге не сыйлаған жөн деп бас қатыратынымыз рас. Әйелдер қауымын әрбір шаңыраққа жылу нұрын төгетін маздап жанған шыраққа теңесек артық емес. Олай болса аяулы жандарға 8 наурызға қандай сыйлық беруге болатынын саралап көрейік.

 

1. Қолдан жасалған сәндік-қолданбалы өнер жұмысы немесе көркемөнер картинасы.

2. Парфюм, әтір.

3. Ерекше сувенир. (фоторамка, саптыаяқ, қаламсалғыш, гүл салатын ваза, ).

4. Әдемі мойын орағыш (ұлттық калоритке бай элементтері болса тіптен тамаша).

5. Таза былғарыдан тігілген сөмке немесе әдемі әшекейлермен көмкерілген қолсөмкелер.

6. Ас үйге арналған тұрмыстық техникаға кез-келген әйел затын қуанышқа бөлейді.

7. Сұлулық салонына сертификат. Егер спа салон болса тіпті керемет.

8. Құмырадағы бөлме гүлі. Гербер, қызғалдақ, сарғаладақ, роза, кактус, орхидея, хризантема, орхидея т.б. түрлері. Бұл – ұзақ есте сақталатын ерекше сый болады.

9. Ұлттық стильдегі зергерлік бұйымдар. (Сырға, сақина, білезік, камзолға арналған қапсырма).

10. Шоқ гүлдер топтамасы. Гүлдің санына мән беріңіз, гүл неғұрлым көп болса риясыз көңіліңіздің кеңдігін білдіреді.

11. Мейрамханадағы романтикалық кешкі ас.

12. Асүйде бір күн кезекші болу (ас пісіріп, мерекелік дастархан әзірлеу).

13. Фотосессия. Нағыз маманның объективінің алдында кез-келген бойжеткен өзін фотомодель сезінеді. Одан кейін де сондай ләззатпен сол суреттерді мың қайтара тамашалайды.

14. Сүйіктіңіздің суреті басылған немесе есімі жазылған саптыаяқ пен  футболка.

15. Кітап. (Шет ел классикасы мен отандық жазушылардың ең озық шығармалары).

16. Санаторийлер мен курортқа жолдама (егер қалтаңыз көтерсе шет елдерге саяхат жолдамасы таптырмас сый болар еді).

17. Әшекей бұйымдарын салуға арналған әдемі қобдиша.

18. Әсіресе аналарымыз бен әжелерімізге жатын бөлмеге арналған хош иісті шырақтар сыйға тартуға болады.

19. Ағаштан жасалған ұлттық нақыштағы ыдыс-аяқтар (астау, қымызға арналған торсық, тостаған, құмыра, саптыаяқ т.б.)

20. Былғары әмиян (егер оюланып қолдан жасалған әмиян болса эксклюзивті сыйлық ретінде санауға болады).

21. Жұбайларыңызға, қарындастарыңызға фитнес залы немесе би үйірмелеріне сертификат сыйлаңыз. Өте ұтымды сыйлық.

22. Себетке салынған косметика түрлері мен шокалад. (жуынуға арналған хо иісті гель, кремдер, түрлі формада жасалған сабын немесе күннен қорғайтын крем т.б.)

23. Аналарымыз бен әжелерімізге (сүйіп тыңдайтынын білсеңіз) қазақ вальсінің патшасы саналатын Шәмші Қалдаяқовтың шығармаларын орындаған эстрада жұлдыздарының әні жазылған таспа сыйлаңыз. Мәңгілік өлмейтін өнердің бағасын білетінденр үшін әдемі сыйлық.

24. Тоқыма өнеріне арналған бұйымдар (түрлі біздер, жіп түрлері, тоқып үйренуге арналған әдістемелік оқулық үлгілері).  

25. Аналарыңызға «Анашым» деп жазылған, жұбайларыңызға «Сүйіктім» немесе есімі жазылған ваннаға арналған жылы халат сыйлаңыз!  


Әзірлеген Бақытгүл АБАЙҚЫЗЫ

 

  

 

Ұқсас материалдар