Қандастар Ассамблея

«25 жыл: Бір Ел. Бір Тағдыр.» акциясына қатысушылар 45 мыңнан асып жығылды

18.02.2016 4989
Жалпыұлттық акция

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған патриоттық интернет-акция бүгін бастау алды. Отандастарымыздың отаншылдық рухын нығайтып, патриоттық сезімдерін нығайту мақсатында ұйымдастырылған интернет акцияны белсенді қолдаған пайдаланушылардың саны 45 мыңнан  асып жығылды. 

 

Акция Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялық қызметі алаңында 10 сағат 25 минут 25 секундта бастау алғанын естеріңізге сала кетейік. 25.el.kz. әлеуметтік сервисінің көмегімен барша әлеуметтік желілердің қолданушылары өз аватарларын бір сәтте мерекелік, патриоттық нақышпен безендіріп, мерекелік аватарға ауыстыруды бастап кетті.

 

«25 жыл: Бір Ел. Бір Тағдыр.» жалпы ұлттық акциясының басталуын салтанатты түрде тележүргізуші – Гульмира Дайрабаева мен Әет Мұқажанов жүргізді. Акцияның өтуіне мұрындық болған жастар – Алуа Құсайынова мен Айгүл Шерниязова. Сондай-ақ Нұрсұлтан Құрманов,  Азамат Сатыбалды, Ерлан Көкеев, блогер Данияр Сүгіралинов, Жандос Кұрманбаев, Маржан Арапбаева сынды шығармашылық ортаның өкілдері де белсенді түрде қолдау білдірді.

Еліміздің барлық өңірлеріндегі студент жастар видеоконференц байланыс жүйесі арқылы байланысқа шығып, патриоттық акцияны қолдайтындықтарын айтты.  Жалпы ұлттық акция шет мемелкеттерде білім алып жүрген жастарды да бей-жай қалдырмады. Мәскеу, Лондон, Вашингтон секілді алып шахарларда  «Болашақ» бағдарламасымен оқитын қазақстандық студенттер видео байланыс арқылы сәлем жолдап, жырақта жүрсе де акцияны қолдайтындықтарын білдірді.   

  

Әлеуметтік желі пайдаланушыларына аватардағы суретті безендіру процессін қалай жүзеге асыру керектігін кезең-кезңімен түсіндерген Айгүл Шерниязова: «Құрметті достар ел тәуелсіздігінің мерейтой қарсаңында өз суреттеріңізді патриоттық нақышпен безендіруге шақырамын. Бәріміз бірге болайық қымбатты достар! Біз Қазақстан жастары елімізді сүйеміз, және бұл бастаманы қолдау – біз үшін аса маңызды. Себебі бізде «Бір ел. Бір Тағдыр», – деді.   

«Қаз медиа» орталығында флешмобпен басталған шара барша қазақстандықтарға 24kz арнасынан тікелей эфирде көрсетілді.

Ұлыбританияның Лондон қаласында білім алып жүрген бір топ жас видео байланыс арқылы жастарды акцияны бірге қолдауға шақырды. «Бір ел. Бір тағдыр» жалпыұлттық акциясына қатысу – бұл біздің өз Отанымызға, Елбасымызға деген адалдығымызды білдіру. Айтып өткенімдей «Өз елінің патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегінде сақтау» деп білемін. Баршамызды «Бір ел. Бір тағдыр» жалпыұлттық акциясына қатысуға шақырамын», – деді Данияр Досымбеков.

 

Сіз де 25.el.kz. әлеуметтік сервисінің көмегімен өз аватарыңызды мерекелік, патриоттық нақышпен безендіре алатыныңызды еске саламыз. Жобаның идеясы – тәу етер жалғыз киеміз, қастерлі Тәуелсіздігімізді бағалау, құрметтеу. Ең басытысы – бірлікке, татулыққа үндеу.   

Аталмыш акцияға Орталық коммуникациялар қызметі, «Хабар» Агенттігі, «Қазақстан» ҰТА, «Қазмедиа Орталығы» АҚ, «Қазконтент» АҚ, Ortcom.kz, BNews.kz, Nur.kz, El.kz порталдары ақпараттық қолдау көрсетіп отыр.


Бақытгүл АБАЙҚЫЗЫ

 

Ұқсас материалдар