Қандастар Ассамблея

25 елдің сұлулық стандарты!

03.09.2014 6309
Қай заман болса да, қыз атаулы әрқашан гүлдей жайнап жүруге тырысады.

Қай заман болса да  қыз атаулы әрқашан гүлдей жайнап жүруге тырысады. Бет әлпетін сәндеп, дене пішінінің сұлулығы үшін емдәм ұстайды. Сәнді киімдер киіп, әр-түрлі әшекейлер тағады. Ал, біздің заманымызда  қыздар тек қана сұлу емес, басқалардан сұлу болуға тырысады. Жыл сайын өтетін сұлулық байқаулары да осыған дәлел. Университет аралық, қала аралық, мемлекет аралық байқаулар жетіп жатыр. Осы байқауларда бірінші орынға ие болатын бойжеткендер неге біреуге ұнаса екіншісіне ұнамайды? Ал әлем мисына келетін болсақ, бүкіл әлем бойынша «ең әдемі» деген атаққа ие болған бикеш әркімнің көңілінен шыға бермейді ғой. Сонда қалай? Әділ қазылардың әділетсіз болғаны ма? Әлде сұлулық та әркімнің талғамына байланысты ма? Мүмкін сұлулық стандарты әр-түрлі шығар?

 Осы сұрақтың жауабын табу үшін, Американдық журналист қыз Эстер Хониг әлем елдерінің сұлулық стандарттарын зерттеуге бел буады. Бұл ниетін орындау үшін ол жер шарының түпкір-түпкірінде өмір сүретін,  фотосурет өңдейтін фрилансерлерге  өз суретін таратады. «Before & After»  - «Дейін және Кейін» атты жобаға  әлемнің 25 мемлекетінен 40-қа жуық фрилансерлер қатысады. Олардың міндеті - Эстер Хонигтің суретін өзгертіп «әдемі қылу» еді...

АҚШ

Аргентина

Бангладеш

Израиль

Индонезия

Италия

Кения

Марокко

Сербия

Украина

Ұлыбритания

Филиппин

Шри-Ланка

Эстер Хониг әр елдің  сұлулық туралы түсінігі әр-түрлі болады деп ойласа да, мұндай нәтижені күтпеген еді. Кейбір суреттерде Хониг өзін әрең таныса, кейбіреуі оны терең ойға батырған екен...Ондай туындылардың қатарына  Мароккодан келген сурет жатады.

Келесі суреттердің айырмашылығына қарап  25 елдің сұлулық стандарттары қаншалықты өзгеше болатындығына көз жеткізуге болады.

«Осы жобаның арқасында  біз  бірыңғай сұлулық стандарттың жоқ екендігін түсіндік. Және де, осы зерттеуге сүйенсек, идеалға қол жеткізу мүмкін емес...» - Эстер Хониг.

Ойланып көрсе, сұлулық стандарты тек әр-түрлі елдерге ғана бөлінбейді. Мысалы, әр ұрпақ, әр уақыт, оны қойып әр адам өз стандарттарын белгілейді.

Сонда қыз атаулы қаншалықты әдемі болса да, барлығына ұнай бермейтіні болғаны ғой... Онда сыртқы келбетке соншалықты көңіл бөлмей, «сұлулық құрбандықты қажет етеді» - деген дәйексөзді ары қарай ысырып, жан-дүниемізге көңіл бөлген дұрыс болар...Сыртқы келбет сұлулығының стандарты әр-түрлі болса, жан сұлулығының стандарты біреу ғана болар... 

Ұқсас материалдар