Қандастар Ассамблея

2016 жылы шығатын технологиялық жаңалықтар

12.01.2016 8582
2016 жылы өмірге келетін жаңа технологиялық жаңалықтарды топтап көрейік.

Уақыт талабы өзгерген сайын замануи технология қарыштап дами түсуде. 2016 жылы өмірге келетін жаңа технологиялық жаңалықтарды топтап көрейік. 

Француздықтар тұңғыш рет әлеуметтік Blue Frog Robotics роботын ойлап тапты. Құлтемірдің ерекшелігі – ол барлық отбасы мүшелерімен қарым-қатынас жасап, тіпті олардың бет әлпетін ажыратуға және үйдегі әр нысанды білуге қауқарлы. Робот 2016 жылы шілде айында сатылымға шығады деп жоспарланған.

2016 жылы сауда айналымына шығады деп күтілетін келесі тауар – Oculus  Rift виртуалды шындық көзілдірігі. Аталмыш тың жаңалық көптен бері әлем елдерінің назарында. Көзілдіріктің жаңа үлгісі түрлі ірі көрмелерде таныстырылып, мүмкіншілігі мен артықшылықтары айтылған болатын. Осы жылы сатылымға шығады деп күтілуде.

  

Zcan Wireless – сымсыз сканнер-тышқан. Екі офистік құрылғыны біріктірген әлдеқайда жеңіл ретінде көрінуі мүмкін, алайда жаңа техниканың ерекшелгі мен айрықша қасиеті – мәтінді тани алатындығында. Microsoft Office бағдарламасын еркін меңгерген.

2016 жылы LG компаниясы бүктелетін және кез-келген түтікше орап сыйғызатындай смартфондар шығаруды жоспарлаайды.

P-OLED технологиясын пайдалану үшін компания мобильді құрылғылардың экранын шыны мен пластиктен жасамақшы.

Пластиктен жасалған дисплейлер шыныға қарағанда әлдеқайда жеңіл әрі жұқа болып келеді. Пластик дисплеиді оңайшылықпен сындырып немесе зақым келтіру мүмкін емес.

   

Жаңазеландиялық Martin Jetpack компаниясының инженерлері ойлап тапқан реактивті ұшу аппараты осы жылы сатылымға шығуы мүмкін. Аталмыш техниканы құрастыруға 30 жыл уақыт жұмсалып, жоба сәтті жүзеге асты. «Реактивті сөмке» өндіруге дайын.

  

Осы жылы 30 секундта қуат алатын батарея шығады. Осы уақытқа дейін бірнеше минутта қуаттанатын смартфон ойлап табу қиял болған еді.

Алайда, StoreDots израиль компаниясы батыл қадам жасап, санаулы секундтарда ғана қуат алатын бірегей технология ойлап тапты.

Бүгінгі таңда жаңа құрылғы жетілдірілу үстінде.

  

NTT docomo байланыс жүйесі Ericsson компаниясы өндірген 5G Radio Prototypes технологиясын әлемде алғаш рет сынақтан өткізбекші. Коммерциялық 5G-жүйесін көптеген компаниялар алдағы жылы енгізуді жоспарлауда.

Willow Glass икемді дисплеилері 2016 жылы сатылымға шығады. Willow Glass – қазіргі уақыттағы ең жұқа шыны болып табылады. Оның қалыңдығы бар-жоғы 100 мкм яғни қағаздың қалыңдығындай. Corning жаңа құрылғысын бүктеп немесе түтікшеге орса да еш бүлінбейді.

Тағы бір қасиеті – шыны 500 градус температураға төзімді етіп жасалған.


Әзірлеген Тұмар АСЫЛ

  

Ұқсас материалдар