Қандастар Ассамблея

2015 жылдың көктемінде әскерге 29 мыңнан астам қазақстандық шақырылады

13.04.2015 4945
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына 4 мыңға жуық азаматтарды әскерге шақыру жоспарлануда.

2015 жылғы 1 сәуірден бастап «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңы мен 2015 жылғы 20 ақпандағы №1011 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2015 жылдың сәуір – маусымында және қазан – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес азаматтарды көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша іс-шаралар басталды.

2015 жылдың  көктемінде әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген  29 мыңнан астам ер азаматтар мерзімді әскери қызметке шақырылуға жатады.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына 4  мыңға жуық азаматтарды әскерге шақыру жоспарлануда, ал қалған азаматтар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан  мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің әскери бөлімдеріне жіберілетін болады.

Заманауи талаптағы әскерге шақырылудың ерекшелігі – оның ашықтығы. Бұл ең алдымен қоғам өкілдерінің шақыру комиссиясының жұмысына қатысуы арқылы жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі мен Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

Жаңа Қылмыстық кодексте әскери борышын өтеуден жалтарғаны үшін жазалау шаралары күшейтілді. Атап айтқанда, заң бұзушыларға ақшалай айппұл салумен қатар, әскерге шақырудан жүйелі түрде бас тартқан азаматтарды қамауға алу жазасы қарастырылған.

Биыл Қорғаныс министрлігінің басшылығы қойған тапсырмаларға сәйкес жергілікті әскери басқару органдары келісімшарт бойынша әскери қызметшілер мен мерзімді әскери қызмет жауынгерлерінің арақатынасы 80 % де 20%  құрайтындығын атады. Өткен жылы бұл арақатынас 70% де 30%  құраған болатын.

Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша әскерге шақыру науқаны кезінде азаматтарды дәрігерлік куәландыруды қамтамасыз ететін шақыру және медициналық комиссия құралады.

Естеріңізге сала кетсек, мерзімді әскери қызметке шақыру Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына сәйкес жылына екі мәрте ұйымдастырылып, өткізіледі.

Ұқсас материалдар