2015 жылдың басты ғылыми жетістіктері

12.01.2016 8577
Адаміспеттес роботтар, өздігінен қозғалатын көліктер және күн энергиясымен қуаттанатын ұшақтар – ғылыми фантастиканың атрибуттары 2015 жылда шындыққа айналды.

Адаміспеттес роботтар, өздігінен қозғалатын көліктер және күн энергиясымен қуаттанатын  ұшақтар – ғылыми фантастиканың атрибуттары 2015 жылда шындыққа айналды.

Ғылым және техниканың бүгінгі жетістіктері туралы айтып отырып, соңғы кезде ойға келген нәрселердің қайсысы осылай жеңілдікпен өмірде өз орнын табады екен деп ойланасың. Марстағы колониялар, жасыл қалалар? Өткен жыл бізге не сыйлағанын топтастырып көрейік.

Aldebaran Robotics  компаниясы жасап шығарған NAO адаміспеттес роботы.

Жоба бойынша жұмыс 2004 жылы басталған болатын. 2007 жылы NAO тұңғыш рет робофутболдан RoboCup Standard Platform League (SPL) сайысына Sony компаниясының Aibo итінің орынан қатысады. Робот қазіргі таңда әлемнің университеттерінде білім беру мақсаттарында қолданылып жүр.

Solar Impulse 2 ұшағы Мандалай(Мьянма) халықаралық аэропортынан  ұшуда.

Solar Impulse – тек күн энергиясымен жұмыс істейтін тұңғыш басқарылатын ұшақ. Батареяларына күн ұзағына жинаған энергия арқылы ұшақ қараңғы мезгілде де еркін ұша алады. Әр қанатына 17 мың күн батареясы орнатылған. Қанаттың ұзындығы 72 метр ( бұл әлемдегі ең алып жолаушылар самолеты Airbus A380 қанатынан сәл ғана кіші). Solar Impulse 2 наурыздың 9 дүниежүзілік саяхатқа аттанды. Жоспарда Маскат, Ахмадабад, Варанаси, Мандалае, Чунцин, Нанкин, Гавай, Финикс және Нью-Йорк қалалары болды. Алайда, Жапониядан Гавай аралдарына ұшу барысында қызып кеткен аккумулятордың істен шығуына байланысты жобаны тоқтатуға тура келді.

Таллинн қаласының тұрғыны Маарья Ланц 3D-принтерде басылып шыққан болашақ баласының суретін қарауда.

Таллинн қаласының тұрғыны Маарья Ланц 3D-принтерде басылып шыққан болашақ баласының суретін қарауда.

Испандық Иниго Мунос Элорса мен австриялық Стефан Добровольный «Марсқа экспедициясында» Тирольдағы Каунерталь мұздығында тұқымдар үлгілерін жинастырып жүр. Биіктігі 2700 мұздықтағы орта Қызыл планетаның шындығына сәйкес келеді. Бұл екі жұмалық проект өткізуге мүмкіндік берді. Әлемнің 19 елінен 100 ғалым робототехника, медицина және геология саласында зерттеулерін өткізіп, 50 килограммдық скафандрларда жүруді үйренді.

Бельгиялық шоколатье Доминик Персон өзі ойлап тапқан «Шоколадты Шутерден» шоколад пудрасын иіскеуде. Бұл құралды Доминик The Rolling Stones тобының сауық кешіне орай ойлап тапты.

Advania Thor ақпарат-центрдегі серверлік тіреулер. Хабнарфьордюр қаласы.

Advania исландиялық компаниясы фабрикада арнайы жобаланған және жинақтастырылған модульді ЦОД (ақпаратты сақтау және өңдеу орталығы) қолданады.

Стандартты ақпарат-центрлардан ерекшелігі – Advania көшіп орын ауыстыруға және орнатуға ыңғайлы. Сонымен қатар Thor экологияға қауіпсіз. Компанияның ірі тұтынушылары Visa және Opera Software.

Франциялық инженер әрі скрипач Лоран Бернадак 3Dvarius скрипкасында ойнауда. 3Dvarius SLA-принтерде басылып шыққан аспап. Стереолитография әдісі арқылы 3D-принтерде басылып шыққан скрипка сұйық фотополимерлерден жасалды.  Бірегей мөлдір скрипканың дизайны Страдиваридің классикалық скрипкасы негізінде жасалды. 3Dvarius жасап шығаруға бірнеше сағат қана кеткен.

SpaceX Crew Dragon ғарыш кемесі Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағынан ұшуда, 2015 жыл 6 мамыр. Кеме экипажды авариялық құтқару жүйесінің бірінші тестін сәтті өтті.

Hanson Robotics  компаниясы ойлап тапқан Хан адаміспеттес роботы.

Гонконгтегі Global Sources электроника жәрмеңкесі. Хан ұялы телефондар арқылы берілетін бұйрықтарды орындайды, және осы бұйрықтарға сәйкес бет мимикасы да өзгереді. Робот адам дауысын танып біле алады. Оның көзінде және кеудесінде орнатылған камералар арқылы адаммен қарым-қатынас орната алады.

Пилотсыз басқарылатын Google көлігінің прототипі. Маунтин-Вьюдегі көлік демонстрациясы.

2011 жылы Google компаниясы Невада штатындағы жалпы қолданыстағы жолдарда пилотсыз көліктерге қозғалысқа рұқсат беретін заңды лоббиледі. Ал 2012 жылы автопилот функциясы бар көліктердің жүруіне Калифорния штатында рұқсат берілді

Компанияның штаб-пәтері орналасқан Калифорниядағы Маунтин-Вью қаласында қазіргі таңда өздігінен басқарылатын 20 көлік қолданыста. 2015 жылдың 1 шілдесінде Google пилотсыз көлігі бірінші рет жол көлік апатына ұшырады. Көлікте болған компания қызметкерлері мен гугломобильдің артынан келіп түйіскен Lexus көлігінің жүргізушісі жеңіл жарақаттар алды.

Париждық ойын аптасында қонақ PlayStation VR шлемінде. PlayStation VR дүкендерде 2016 жылдың бірінші жартысында сатылып бастайды.

Лас-Вегастағы International Consumer Electronics электроника көрмесіндегі роботтанған  қол протезі.

Роботтанған протездер уақыт өте келе жетіле түсуде. Соңғы нұсқалары адамға күнделікті жұмысты жасауға мүмкіндік береді. Алайда протездердің құны қымбат қалпында қалуда. Сонымен қатар, Intel киюге арналған технология шығаратын компанияларға чиптер мен платформалар ұсынды.  Мысалы, чип The Quark SE SOC, Curie модулі.


Айгүл ШЕРНИЯЗОВА

Дереккөз inosmi.ru 

Ұқсас материалдар