2015 жылдың үздік һәм сәтсіз туындылары

03.02.2016 2104
2015 жылдың үздік һәм сәтсіз туындылары

Жылдың соңы. Қорытындылар жасалып, жылдың озығы мен тозығын анықтайды. Үздігі қайсы, осалы қайсы рейтингтің төрінен орын алады. Бұл жерде не үздік, не осалға жатпайтын ортаңғол туындылар үшін қиын. Өйткені, олар еленбей қалады. Кино үшін берілетін ең үлкен сый – ол Оскар. Бірақ, Оскар әдеттегідей жылдың басында. Әзірге түрлі басылымдар мен киносыншылардың қатысуымен үздіктер анықталып жатыр. АҚШ Ұлттық киносыншылар кеңесі үздік туындыларды түзсе, Форбес басылымы ең сәтсіз жұмыстардың рейтингісін жасапты.

Үздіктер

АҚШ Ұлттық киносыншылар кеңесі 2015 жылдың ең үздік кинотуындыларын анықтады. «Ессіз Макс: Қаһар жолы» («Безумный Макс - 4: Дорога ярости») жыл фильмі болып таңдалды.

Үздік режиссер сыйлығын «Марсианин» кинолентасының авторы Ридли Скотт алды. Мэтт Дэймон «Марсианин» фильміндегі, Бри Ларсон «Комната» фильміндегі рөлі үшін 2015 жылғы «үздік ер әртіс» және «үздік актриса» атағын жеңіп алды.

Квентин Тарантиноның «Омерзительная восьмерка» атты фильмі «үздік сценарий» аталымы бойынша киносыншылардың назарына ілінді.

Үздік шетелдік фильм бойынша венгриялықтардың «Сын Сеула» картинасы алға шығыпты.

Сәтсіз фильмдер

Ал, FORBES басылымы 2015 жылдың ең сәтсіз Голливуд фильмдерінің рейтингін жариялады. Рейтингті жариялағанда фильмді түсіруге кеткен шығын  мен түскен пайда көлемін негізге алған.  

Тізімді бірінші болып Билл Мюррей ойнаған "Касбадағы рок" музыкалық комедиясы тұр. Картина 15 миллион долларлық бюджетпен 2,9 млн тапқан. Өндіріске жұмсалған қаржының тек 19 пайызы ақталып отыр.

Рейтингте одан кейін келесі фильмдер орналасты:

2. "Ганмен" (басты рөлде Шон Пенн) - 40 миллион бюджетпен 10,7 миллион қайтарды (27%)

3. "Қара қалпақ" (басты рөлде Крис Хемсворт) - 70 миллион бюджетпен 19,4 миллион қайтарды (28%)

4. "Аяқталмаған бизнес" (басты рөлде Винс Вон) - 35 миллион бюджетпен 14,4 миллион қайтарды (41%)

5. "Джем және голограммалар" ("Jem and the Holograms") - 5 миллион бюджетпен 2,3 миллион қайтарды (46%)

6. "Өзінен/тыс" (басты рөлде Райан Рейнольдс) - 26 миллион бюджетпен 12,3 миллион қайтарды (47%)

7. "Ультраамерикалықтар" (басты рөлдерде Кристен Стюарт, Джесси Айзенберг) - 28 миллион бюджетпен 15,4 миллион қайтарды (55%)

8. "Біз саған доспыз" (басты рөлде Зак Эфрон) - 6 миллион бюджетпен 3,6 миллион қайтарды (60%)

9. "Алоха" ("Aloha") - 37 миллион бюджетпен 26,3 миллион қайтарды (71%)

10. "Мордекай" (басты рөлде Джонни Депп) - 60 миллион бюджетпен 47,3 миллион қайтарды (79%).


Әзірлеген: Досжан Мейірім

Ұқсас материалдар