Қандастар Ассамблея

2015 жылғы Жаңа жылдық көйлектер

25.12.2014 23652
Жаңа жылға дайындықты әйелдер қауымы күнделікті киім-кешектерін жаңартудан бастайды. Ал олардың ішіндегі ең маңыздысы, Жаңа жыл күніне арналған көйлек.

Жаңа жылды қалай, кіммен қарсы алсаңыз да, сол күні киілетін көйлек сіздің көңіл-күйіңізге әсер етпей қоймайды. Шығыс күнтізбесі бойынша қой жылы болып саналатын 2015 жылды қандай киімде қарсы алған жөн?

Ақшыл сары түсті көйлектер сәл де болсын күнге күйген адамға үйлесімді. Егер сіздің теріңіздің түсі ағарыңқы болса, бұндай түсті көйлек таңдамағаныңыз абзал.

Бұл жылы қойдың жүнінен тігілген тондар қайта сәнге кіреді. Жаңа жылды жылтыр көйлектермен қарсы алу дәстүрге айналды, осы жолы да жаңа киімдер топтамасын қалыптасқан дәстүр бойынша ұзын да жылтыр көйлектен бастайық.

Қой малының азығы көк шөп болғандықтан, келе жатқан 2015 жылы өз гардеробыңызға көкшіл түсті киім қосуды ұмытпаңыз.

Егер сіз қызыл түсті ұнататын болсаңыз, оны сары түспен араластырудан қорықпаңыз. 

2015 жылы матасы өрнектелген, етегі кең әрі қысқа белдемшелер сәнде болады. 

Алтын түсті көйлектер Диор сән үйі сынды әрдайым сәннен қалыспайды.

Егер сіз көйлек емес, шалбар кигенді ұнатсаңыз, мейрам күні киіміңізге жылтырлық қосыңыз.

Ал, егер сіз жылтыр киімдерді ұнатпасаңыз принт көйлектер оларға керемет балама болады.

Әрине, қара түс қай жыл болса да үнемі сәнде. 

Киімдеріңізге аксессуарларды сауатты таңдай біліңіз.

Жаңа жылды жақсы көңіл күймен қарсы алуларыңызға тілектеспіз.

Ұқсас материалдар