Қандастар Ассамблея

2015 жылғы Муз-ТВ премиясы Астанада өтеді

23.02.2015 4084
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Ресей шоу-бизнесі өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтіп, онда Муз-ТВ арнасының бас директоры Арман Дәулетияров дәстүрлі Муз-ТВ премиясының биыл Астана қаласында 5-маусым күні өтетіндігін мәлімдеді.

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Ресей шоу-бизнесі өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтіп, онда Муз-ТВ арнасының бас директоры Арман Дәулетияров дәстүрлі Муз-ТВ премиясының биыл Астана қаласында 5-маусым күні өтетіндігін мәлімдеді. Премияның биылғы атауы – Гравитация.

Музыкалық арна басшысының айтуынша, бұл шара Ресей мен Қазақстанның мәдение байланысын нығайту мақсатында жасалғалы отыр. Ол сондай-ақ, премияның биыл ерекше жағдайда өтетінін және қазақстандық колоритке көп көңіл бөлінетінін жеткізді.

Атап айтқанда, еліміздің мәдениетін насихаттау мақсатында «Қазақстанның үздік әртісі» номинациясы қосылады. Номинантты анықтау үшін өнер саласының мамандары 5 үздік әртісті анықтап, ары олардың ішінен бүкіл халықтық дауыс беру бойынша жеңімпаз анықталады. Дауыс беру «Қазақстан» арнасы арқылы жүзеге аспақ, себебі жобаның бас ақпараттық әріптесі аталмыш арна. Жеңімпаз Муз-ТВ премиясының табақшасымен марапатталады.

Сонымен қатар, кештің 4 жүргізушісі Ресей тарапынан болса, екеуі Қазақстан тарапынан алынатын болды.

Премия әдеттегідей жұлдыздардың қызыл кілем үстімен жүріп өтуінен басталады және осыған дейін қандай әнші келе жатса, соның әні шырқайтын, ал бұл жолы түгелдей қазақ әндері қойылады. Муз-ТВ премиясының өзінде бір қазақша ән шырқалады.

Концерт Астана-Арена кешенінде өтеді. Шамамен 35 адам қатысады деп жоспарланып отыр. Билет бағасы 1000-5000 теңге аралығында. Билет сатып алу жағы да өте қызық. Қатысқысы келетін кез келген адам бүгіннен бастап kassir.com cайтынан алдын-ала тапсырыс бере алады. 8 наурыздан бастап 10 наурызға дейін 3 күн бойы алдын ала тапсырыс бергенде билетті бірінші болып таңдайды. 11 күні жаппай сату басталады.

Арман Дәулетияров Муз-ТВ 2015 аясында бірқатар қайырымдылық акциялары өтетінін айтты. Ұйымдастырушылар «Дара» қайырымдылық қорымен біріге отырып, мүмкіншіліктері шектеулі балаларға ресейлік жұлдыздардың қатысуымен мастер-кластар өткізіп, басты концертке 2000 билет тегін берілетін болады.

Ең маңыздысы, Муз-ТВ 2015 жобасына Астана әкімшілігінен немесе Мәдениет және спорт министрлігінен ешқандай қаражат бөлінбейді, ұйымдастырушылық қолдаумен шектеледі.

Муз-ТВ арнасы басшысының айтуынша бұл жоба демеушілер тарту жағынан ешқандай қиыншылық көрген емес. 

"А-студио" тобының продюсері, музыкант Байгали Серкебаев

"Қазақстан" РТРК АҚ Басқарма төрағасы Нұржан Жалауқызы Мұхамеджанова

Танымал ресейлік тележүргузіші Лера Кудрявцева


Дәурен Омаров

Ұқсас материалдар