Қандастар Ассамблея

2015-2016 оқу жылдарына қанша оқу гранты бөлінді?

02.07.2015 8979
Биылғы оқу жылына мемлекеттік білім тапсырысы 39 994 орынды құрайды.

Білім және ғылым министрі Тәкір Балықбаевтың мәлімдеуінше, биылғы оқу жылына мемлекеттік білім тапсырысы 39 994 орынды құрайды. Оның ішінде бакалавриат – 32 168 грант, магистратура – 7 241 грант, докторантура – 623 грант. Алдыңғы жылдардағыдай биыл да техникалық мамандықтардың үлесі басым – 42,4 пайыз.

Биылғы жылдың мемлекеттік тапсырысындағы басты ерекшелік – гранттардың оқу тіліне байланысты бөлінуінде. Яғни гранттардың 75 пайызы қазақ бөліміне және 25 пайызы орыс бөліміне бөлінетін болды. Осыған дейін екі тілге шамалас пропорциямен бөлініп келген. Алайда, мектеп бітірушілердің үлесі бойынша қарағанда, қазақ мектебін бітіргендер, орыс мектебін бітіргендерден әлдеқайда көп болатын, осы себепті гранттардың екі жаққа бірдей бөлінуі қоғамдық наразылық тудырып, білім саласының сарапшылары аталмыш мәселені жиі көтеріп келді. 

Ұқсас материалдар