#17 Рой Джонс өлең айтып, Илья Ильин мен Серік Сапиев би биледі

06.02.2015 5020
Бокс жұлдыздарының Қарағандыда өткізген қайталанбас концерті!

Құрметті достар! Назарларыңызға «Қазақстан шетелдіктер» көзімен фотоайдарының он жетінші жарияланымын ұсынамыз!  Қазақстанға серуендеп келген не елімізде тұрып жатқан шетел азаматтарының интернет желісіне салған қызықты суреттерін жариялап отырамыз.

17-21 желтоқсан аралығында Қарағандыда өткен Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған XXXI бокс турнирінің ашылу салтанатына былғары қолғап шебері, кәсіпқой бокстан әлем чемпионы кіші Рой Джонс қатысты. Ол жанкүйерлерге ән шырқап, сондай-ақ, II Жасөспірімдер арасында олимпиада чемпионы Абылай Жүсіповке былғары қолғапқа жазып қолтаңбасын қалдырды.

Назарбаев Университетінің профессоры Дженнифер Льюс көктемге дайындалуда

Ал астаналық Бретт Крейг қазақтың қонақжайлылығына куә болып, оқушыларымен серуендеуде

Тайландтық қонағымыз Фай қысқы демалысында елорданы аралап, аязды күннің қандай болатынын сезінуде.

Ал бұл Гүл есімді Түркия азаматшасы. Уақыт көрсеткендей, отандық "Қазақстан" шоколады дәмін татқан барлық адамға қатты ұнайды.

Шымкент қаласының тұрғыны Ричардтың фейсбук парақшасынан осындай суреттерді көптеп табуға болады. Шет елдік достары қыс мезгілінің дәл осылай қарға толы болуы олар үшін ғажап екенін жазып жатады.

«Қазақстан шетелдіктер» көзімен фотоайдарының алдыңғы бөлімдерін осы сілтеме арқылы көре аласыз!

Суреттер: Facebook, Instagram

Бейне: You Tube

Әзірлеген: Айгүл ШЕРНИЯЗОВА

Ұқсас материалдар