Қандастар Ассамблея

1500 елорда тұрғыны жұмысқа тұрды

29.07.2015 1845
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында 1500 астам елода тұрғыны жұмысқа орналастырылды

Астана қаласы бойынша «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» және «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» екі бағыт бойынша іске асырылуда.

Бағдарламаның бірінші бағыты «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бойынша ағымдағы жылдың 1 шілдедегі мәліметі бойынша 3 нысанда жұмыс аяқталды (№ 1 қалалық аурухана, № 3 және 9 қалалық емханалар), Астана қаласы әкімдігінің «Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы» КММ-де, № 40 орта мектебінде, № 10 мектеп-гимназиясында күрделі жөңдеу жұмыстары және № 2 қалалық емханасында ағымды жөңдеу жұмыстар жалғасуда. Осы аталған мекемелерге  90 адам жұмысқа орналастырылды.

 

Бағдарламаның «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» үшінші бағыты бойынша  жыл басынан бері Бағдарламаға қатысу үшін 1 794 адам келген.

 – Тұрақты жұмыс орындарына 1 608 адам жұмысқа орналастырылды.

 – Мемлекеттік қолдау шараларымен 3 55 адам қамтылды:

 – 192 адам жастар практикасына жіберілді;

 – 81 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды;

 – 82 адам қайта даярлау курстарына жіберілді.  

 Сонымен қатар, ағымдағы жылы жергілікті бюджет есебінен жастар практикасы қатысушыларының еңбекақылары өсіп, 39 400 теңгені құрайды.

Астана қаласы статистика департаменті берген ресми дерекке сүйенсек, Астана қаласының 2015 жылғы маусымдағы жалпы әлеуметтік-экономикалық дамудың көрсеткіштері келесідей.

Тұрмыс деңгейі

2015 жылғы І тоқсанда бағалау бойынша халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 111926 теңгені құрады және 2014 жылғы І тоқсанмен салыстырғанда 2,9%-ға артты, нақты ақшалай табыстар 3,8%-ға төмендеді.

Еңбек нарығы және еңбекақы төлеу

2015 жылғы маусым айының соңына жұмыссыз ретінде есепке тұрған азаматтардың саны 2332 адамды құрады. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі 2015 жылғы маусымда 0,5%-ды құрады. 2015 жылғы 1 тоқсандағы жұмыссыздық деңгейі 5,1%-ды құрады.

Орташа айлық атаулы жалақы 2015 жылғы қаңтар-наурызда 171544 теңгені құрады және 2014 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 12%-ға, нақты түрде 4,7%-ға өсті.

Баға

2015 жылғы маусымда тұтыну бағаларының индексі 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 101,2%-ды құрады. Азық-түлік тауарларының бағалары - 2,4%-ға жоғарылады, азық-түлік емес тауарлар - 0,6%-ға, халыққа көрсетілген ақылы қызметтер - 0,3%-ға.


 Әзірлеген Тұмар АСЫЛ

Ұқсас материалдар