Қандастар Ассамблея

13 миллион мәліметтік базасы бар кітапхана сайтының тұсауы кесілді

26.11.2014 5217
Қараша айының 4-і күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында www.presidentlibrary.kz сайтының тұсауы кесілді

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Күніне байланысты, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында, www.presidentlibrary.kz сайтының тұсауы кесілді.

Кітапхана пресс-хатшысы, Оксана Лоскутованың айтуынша сайттың ерекшеліктері:

  1. Қазақстан Республикасының Президентінің қызметі фото түріндегі жаңалықтармен беріледі.
  2. Сайт арқылы Елбасы Кітапханасының электронды кітапханасымен танысуға мүмкіндік береді. Ол екі бөліктен тұрады – Мемлекет басшысының Жеке электронды кітапханасынан және мәліметтердің электронды базасынан. Электронды база арқылы оқырман 13 млн. 132 мың мәліметке қол жеткізе алады. Бағыттары сан-алуан: саясат ғылымдары, әлеуметтік ғылымдар, тарих ғылымдары, экономика ғылымдары, мәдениет, әдебиет, менеджмент, география. Сайтымызға тіркелген адам Дүниежүзілік электронды кітапханамен және электронды журналдар кітапханасымен жұмыс істеуге ерекше мүмкіндік алады.
  3. Тіркелген қолданушы «Бұлтты қор-мұрағаты 20+» жұмыс істей алады. Онда Мемлекет басшысының қызметіне байланысты фото, бейнемұрағат бір жүйеге келтірілген.
  4. Сайттың тағы бір ерекшелігі – Интернет-телевизия. Онда Елбасы кітапханасында болған шаралар бейнематериал, фильм түрінде жүктелген. Сонымен қатар, интернет-телевизия арқылы белгілі-бір шараны онлайн режимінде таратуға мүмкіндік бар.
  5. Кітапхана сайтының виртуалды туры арқылы қашықтықтан Мемлекет басшысының Жеке Кітапханасының контентімен, «Әлемді өзгертетін идеялар» атты интерактивті білім беру орталығымен жұмыс істеуге болады.
  6. Аңдатпа (анонс) бөлімінен Кітапханада болатын шаралар тізіміне - «Әлемді өзгертетін идеялар» дөңгелек үстелі, «Тұңғыш - Первый» деректі фильм апталығы, жас ғалымдар мен мұғалімдерге арналған «Біздің ел – Біздің Президент» тренинг-семинарлар туралы бейнематериалдары кіреді.

Кітапхананың алдағы жоспарларына Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің атсалысуымен «Білім беру алаңы «Әлемді өзгертетін ойлар» атты дөңгелек үстел өткізу, биылғы оқу жылы қарсаңында «Біздің Президент» кітабының тұсау кесері, жыл соңында мұғалімдер мен жас ғалымдарға арналған «Біздің ел – біздің Президент» тренинг-семинарлар, «Асыл қазына» акциясын өткізу ойда бар. Бұл акция шара аясында Елбасының кітапханасына салтанатты түрде Қазақстан халқы ассамблеясы, Түрксой академиясы, Білім және ғылым министрлігі және бірқатар ірі ЖЖО-ры кітаптар тапсырылады деп жоспарланады. 

Мақаланы дайындаған - Нұрғазы Абжанов

Ұқсас материалдар