Қандастар Ассамблея

100 нақты қадам бағдарламасы – ел дамуының айқын негізі

03.08.2015 4097
«100 НАҚТЫ ҚАДАМ бағдарламасы – ел дамуының айқын негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

2015 жылғы 28 мамырда Ш. Есенов атындағы КМТИУ-да ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлт жоспары» бағдарламасын талқылау мақсатында факультет декандары, кафедра меңгерушілері, профессорлық-оқытушы құрамы, студенттік ұйым өкілдерінің және Маңғыстау облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы (әрі қарай – ҚХА) жанындағы ғылыми-сарапшылық топ мүшелерінің қатысуымен «100 НАҚТЫ ҚАДАМ бағдарламасы – ел дамуының айқын негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Отырысты жүргізуші «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Л.Т. Джумалиева сөз басында «Ұлттық жоспарда» белгіленген қадамдардың тарихи маңыздылығына, уақытында болуына және келешек үшін мәнділігіне   ерекше назар аударды.

Тақырып бойынша ғылыми жұмыс және қарым-қатынас жөніндегі проректор С.Т. Зәкенов, «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының оқытушылары Г.Б. Есетова, О.Д. Табылдиевалар сөз алып, бағдарламаның әрбір бөлімін іске асыру жөніндегі өз ойларын ортаға салды.

Маңғыстау облысының ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың мүшесі С.С. Бекешев қазақстандықтардың тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктері елдегі тыныштық пен тұрақтылықтың, бейбітшілік пен халықтар бірлігінің арқасында мүмкін болғанын айтып, «Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасының жастар санасында ұлттық құндылықтар мен патриотизмді нығайтудағы маңызын атап көрсетті.

Талдау барысында «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі С.К. Әлібеков шетелдік заң институттарында заңгерлер даярлау тәжірибесіне салыстырмалы талдау жасай отырып, «Ұлт жоспарындағы» судья лауазымына үміткерлердің теориялық білімі мен тәжірибесіне қойылатын біліктілік талаптарының қатаюын қолдап, маңыздылығына баға берді.

Студенттік парламент төрағасы, «Құқықтану» мамандығының 4 курс студенті Ә. Абдулов бағдарламаның жастар алдына қойып отырған зор міндеттеріне тоқталды және  бағдарламаның негізгі бағыттырын іске асыруға белсенді атсалысатынына сендірді. Сонымен қатар ол өзінің дипломдық жұмысының тақырыбын «Ұлт жоспарымен» байланыстырғанын және ойдағыдай қорғап шыққанын айтты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар аталған бағдарламаның жүзеге асырылуына үлес қосуға  бір ауыздан дайын екендерін жеткізді.

  

Ұқсас материалдар