Қандастар Ассамблея

«Өзін-өзі тану» - рухани-адамгершілік білім беру

27.05.2015 7309
Олимпиаданың мақсаты -«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша студенттердің теориялық және практикалық дайындығын анықтау.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Өзін-өзі тану» пәні бойынша «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 3 курс студенттері арасында өтетін ІІІ Республикалық олимпиада өтті. Олимпиаданың мақсаты -«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша студенттердің теориялық және практикалық дайындығын анықтау. Олимпиаданың міндеттері: студенттердің рухани-адамгершілік білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына деген қызығушылықтарын арттыру; «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім берудің жаңартылған бағдарламасының тиімділігін нақтылау.

Олимпиаданың салтанатты ашылуында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиев, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Е.А. Оңғарбаев, «Бөбек» Ұлттық ғылыми-тәжірибелік, білім беру және сауықтыру орталығы» (ҰҒТБСО) жанындағы Адамның үйлесімді дамуы институты директорының орынбасары, әділқазылар алқасының төрайымы Р.А. Мұқажанова «Өзін-өзі тану» пәні бойынша «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығыстуденттері арасында өткізілетін ІІІ Республикалық олимпиадаға қатысушыларды құттықтап сөз сөйлеп, студенттерге сәттілік тілеп өзінің ізгі ниеттерін білдірді. Олимпиадаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен әртүрлі жоғары оқу орындарынан 14 команда қатысты.  Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің намысын қорғауға  2 команда шықты. Ол «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының» 3 курс студенттерінен құралған «Самұрық» командасы, жетекшілері Мейркулова Аида Бакытбековна және «екі шет тілі» мамандығының 3 курс студенттерінен құралған «Ізгілік тамшысы» командасы, жетекшісі Шарипова Орынбасар Боранбаева. Сонымен қатар Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қаласы, «Мейірім» командасы);  Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті (Орал каласы, «Шұғыла» командасы); Қазақ-орыс халықаралық университеті (Ақтөбе қаласы, «Нұр Терек» командасы); Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті (Алматы каласы, «Ізгілік жолы» командасы);  Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті (Көкшетау қаласы, «Ізгі ниет» командасы); Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (Қарағанды қаласы, «Интеграция» командасы); Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қаласы, «Логос» командасы); Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы каласы, «Фараби ізбасарлары» командасы); Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты (Шымкент қаласы, «Ізгілік жүрегі» командасы); Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты (Павлодар қаласы, “Нұр» командасы); Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қаласы, «Нұрлы әлем» командасы; М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (Петропавл қаласы, «Радость» командасы) қатысты.  

Олимпиаданың екінші жарыс күні әділқазылар құрамы  командалардың дайындығы мен өздерін көрсету нәтижесінде оларды  әділ бағалай отырып, жүлделі орындарды келесідей үлестірді:

І орын – оған қоса, үздік жоба номинациясы бойынша жүлдегер: Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті «Ізгілік жолы» командасы; ІІ орын - Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Самұрық» командасы және Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті  «Ізгі ниет» командасы; ІІІ орын - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Фараби ізбасарлары» командасы және М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті  «Радость» командасы және Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты  “Нұр» командасы, әрі үздік сахна номинациясын жеңіп алды. Оған қоса, үздік таныстырылым номинациясы бойынша Қазақ-орыс Халықаралық университеті, «Нұр Терек» командасы иеленсе, Үздік эссе номинациясы бойынша Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, «Мейірім» командасының мүшесі Байырбекова Назгүл иеленді. Ал «Әлемнің жарқын болашағын бірге жасаймыз» атты номинацияны Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті иеленді.

Жүлделі орындарға ноутбуктар, планшеттер, фотоаппараттар т.б. лайықты  сыйлықтар таратылды. 

Мейркулова Аида

Ұқсас материалдар