«Үзілмеген үмітте» балалар үйінің тәрбиеленушілері ойнайды

26.09.2016 3373
Қазақ киносының жетістігі

 Таяуда Ш.Айманов атындағы «Қазақфильмнің» «Кино алаңы» клубында «Үзілмеген үміт» фильмінде басты рөлді сомдаған жас актер, балалар үйінің түлегі Амангелді Құсайынов «Киномалышок-2016» байқауында иеленген «Ең үздік бала рөлі» жүлдесімен марапатталды.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Tanaris Production» кинокомпаниясы түсірген фильмнің режиссерлері – Серік Әбішев және Руслан Магомадов.

Марапаттау рәсіміне ҚР Халық әртісі Нұржұман Ықтымбаев, фильмнің тең режиссері және авторы Серік Әбішев, «Мейірімділік» ерікті қоғамы» қайырымдылық қорының өкілі Татьяна Семенова және жас әртістер – балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысты.

Картинаның бас продюсері Сергей Әзімов фильмнің отбасылық құндылықтарды насихаттайтынын айтты. «Үзілмеген үміттің» премьерасы Германияда өткен халықаралық Мангейм-Хайдельберг кинофестивалінің негізгі байқауында көрсетілген болатын. Фильмнің көп бөлігі Шығыс Қазақстан облысында екі ай бойы түсірілген. Туындының музыкасын бірегей композитор Қуат Шілдебаев жазған. Ал, фильмге музыка жазу барысында Батырхан Шүкеновтің саксофонмен орындаған импровизациясы негіз болған.

Фильмдегі басты рөлдерде Алматы қаласындағы және Алматы облысындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері және Оңтүстік Кореяның жас өнерпаздары ойнап шықты.

«Үзілмеген үміт» фильмі қазан айында еліміздің барлық кинотеатрларынан көрсетіле бастайды.

Фильм туралы аз-кем ақпарат

Тұтқынға түскен қылмыскер әскерилердің бақылауымен Кореядан Еуропаға ұшып бара жатқан кезде олардың ұшағы Қазақстанның бір қалашығына қонуға мәжбүр болады. Осылайша, темір тордан талай мәрте қашып кетпек болған басты кейіпкер, тағдыр айдап, өзі балалық шағын өткізген балалар үйіне қайта оралады.

 Өндіріс: ТОО «Tanaris Production»

Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша

Ұзақтығы:  85 минут

Жанры: драма

Сценарий авторлары: Ираклий Квирикадзе, Сергей Әзімов

Қоюшы режиссерлері: Серік Әбішев, Руслан Магомадов

Қоюшы операторы: Еркінбек Пітірәлиев

Костюм жөніндегі қоюшы суретші: Ермек Өтегенов

Композиторы: Қуат Шілдебаев

Бас продюсері: Сергей Әзімов

Әртістер: Нұржұман Ықтымбаев, Войтек Соларз Антони (Польша), Жәнел Мақажанова, Бақытжан Әлпейісов, Ева Бехер, Асхат Кчинчиреков, Катрин Монтондо (Бельгия), Арвидас Дапшиш (Польша),  Амангелді Құсайынов, Александра Натахина, Валентина Баширова, Николай Харлов, Леонид Морозов, Тамила Худайбердиева, Ханбюль Сео (Оңт. Корея), Енок Ким(Оңт. Корея), Сумин Ким(Оңт. Корея), Чана Чой(Оңт. Корея) және басқалар.


Суреттер "Қазақфильмнің" баспасөз қызметінен алынды 

            

Ұқсас материалдар