«Қорқыт» концерттік маусымын ашады

07.09.2016 2146
Мәдениет

Бүгін кешкі 19-00-де ҚазҰӨУ концерттік залында «Қорқыт» дәстүрлі саз тобының екінші концерттік маусым ашылады.

«Қорқыт» дәстүрлі саз тобын 2015 жылдың қараша айында Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының бас директоры және көркемдік жетекшісі С.Әбдірахманов құрды. 25 ақпанда Конгресс холда ансамбльдің тыңдармандардың жоғары бағасын алған тұсаукесер концерті өтті.

Ұжымның ерекшелігі бірінші дыбыстан-ақ байқалды. Шығармалардың үлгілері көне аспаптық және вокалдық туындыларға ұқсайды. Ансамбль мүшелері қазақтың халық аспаптары қобыз, қыл қобыз, шаңқобыз, сазсырнай, сыбызғы, дауылпаз, дабыл және жетіген сынды аспаптарында ойнайды. Топтағы әрбір әртіс бірнеше музыкалық аспапты меңгерген.

«Қорқыт» дәстүрлі саз тобы өзінің басты міндеті заманауи жастардың жүрегі мен ой-санасына жол табу, құрметті, махаббатты бойға сіңдіру және дәстүрлі мәдениеттің үлкен орнын түсіндіру деп біледі. Өйткені, ата-бабаларымыздың мәдениеті – бұл біздің генетикалық естелігіміз, даналығымыз және ұрпақтың ар-намысы.

Ансамбль репертуарында үлкен танымалдылыққа ие болған Шолпан Қорғанбектің авторлық шығармалары «Сұлтан Бейбарыс», «Көк түріктер», «Шынғысхан», «Дала тынысы» шығармалары бар. Концерт бағдарламасына республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары, музыканттар Османова Мадина, Тоғжанов Әділжан, Арымбеков Айбек, Турманова Даяна, Кощегулова Фариза, Гайса Тоғжан, Буданбай Данияр, Баймурза Зульфия және Нартуеева Айгерімдер қатысады. Сонымен қатар, «Шалқыма» халықтық би ансамблі өнер көрсетеді. Австриядағы халықаралық байқаудың лауреаты, композитор Еділ Құсайынов та қатысады.
Топтың көркемдік жетекшісі - «Мәдениет қайраткері» Шолпан Қорғанбек.