Қандастар Ассамблея

«Әлемді өзгертетін идеялар» семинары басталды

16.10.2015 3698
Сертификаттар табысталды

Елбасы кітапханасында «Әлемді өзгертетін идеялар» білім беру жобасы бойынша өткен курс озаттарына сертификаттар табысталды. Екі күндік курсты әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері оқыды.

Сертификатты табыстау шарасына Қазақстан республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Болатбек Абдрасилов қатысты.

«Әлемді өзгертетін идеялар» білім беру жобасы Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бес институтционалдық реформасын жүзеге асыруға арналған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, жаһандық бастамалары мен концептуалдық идеяларын зерделеуге бағытталған.

«Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ мен «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл келісімнің мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев айқындаған басымдықтарды жүзеге асыру. Атап айтқанда, жастар саясаты саласындағы тиімді ынтымақтастықты зияткерлік элита қалыптастыру арқылы жолға қою, бірлескен ғылыми-зерттеу және мәдени-білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру.

«Әлемді өзгертетін идеялар» білім беру жобасы бойынша ұйымдастырылған дәріс 15-16 қазан күндері Алматы қаласы мен Оңтүстік Қазақстан облысының оқушыларына өткізілуде. 20-23 қазанда Елбасы кітапханасының жобасы бойынша Шығыс Қазақстан облысының және Батыс Қазақстан облысының студенттеріне өткізіледі. Сондай-ақ Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің студенттеріне семинар-тренинг ұйымдастырылатын болады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, 1 қазан күні басталған жоба барысында елорданың 100 білім алушысы дәрістер мен тәжірибе сабақтары курсын тәмамдап, арнайы сертификаттарын алды. «Әлемді өзгертетін идеялар» семинар-тренингтің алғашқы қатысушылары – Астана қаласының оқушылары мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің тәлімгерлері. Бас шаһардың білім беру мекемелерінен келген жастар Елбасы кітапханасынд Қазақстан мен Украина президенттерімен кездесуге мүмкіндік алды. Нұрсұлтан Назарбаев пен Петр Порошенко кітапхананы 9 қазан күні тамашалады. Аталмыш кездесу барысында жастар екі елдің басшыларына Мемлекет басшысының бес институттық реформасын жүзеге асыру бойынша Ұлт жоспары – 100 нақты қадам туралы айтып берді. Петр Порошенкоға Кітапхана қызметкерлері мобильдік оқырман билетін табыс етті.


Әзірлеген Бақытгүл АБАЙҚЫЗЫ

Суреттерді түсірген Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ

 

Ұқсас материалдар