Қандастар Ассамблея

Құлақтандыру: Kaztube.kz бейнепорталында жаңа жоба

28.11.2014 2213
Жақын арада kaztube.kz порталында өте көңілді, өте қызықты жаңа жоба жарияланбақ.

 

Жақын арада kaztube.kz порталында өте көңілді, өте қызықты жаңа жоба жарияланбақ. «Дыбыссыз режим» деп аталатын реалити шоу интернет қолданушыларына ұнары сөзсіз.

Берілген тапсырмаларды дауыс шығармай орындау талап етілетін бұл реалити шоуға әнші, актер, жайдарманшы, блогер, журналист, тележурналист, өнер жұлдызы сияқты танымал тұлғалардан тұратын командалар қатысады.

Берілген қиын да қызықты тапсырмаларды бұлжытпай орындап шыққан жағдайда жоба жүргізушісі ұсынатын 100 мың теңге жүлдені ұтады. Ал, егер тапсырманы қиынсынып, жиіркеніп не тағы да басқа себептермен орындаудан бас тартса, әр бас тартқан тапсырма үшін 10 мың теңге қасқарып отырады.

«Дыбыссыз режим» реалити шоуын блогер, kaztube.kz бейнепорталындағы түрлі эксперименттерді жасаушы Эльвира Ерғалина жүргізеді.

Kaztube.kz бейнепорталын қарай жүріңіздер! 

Ұқсас материалдар