Қандастар Ассамблея

«ҚХА - 20 ізгі іс» эстафетасы Өскеменге жеткізілді

26.02.2015 4587
«Қазақстан халқы Ассамблеясы - 20 ізгі іс» эстафетасы мен достық нышанына айналған «Тайқазанды» шығысқазақстандықтар Өскемен қаласына кіре берістегі Қабанбай батыр ескерткішінің алдында күтіп алды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына орай бастау алған «ҚХА - 20 ізгі іс» эстафетасы Шығыс Қазақстанға жетті. Эстафета нышаны ретінде береке-бірлік пен бауырластықтың символы қасиетті «Тайқазан» таңдалған болатын. Ассамблея жылының ашылу салтанатында ҚХА төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов: «Тайқазан — қиын-қыстау кезеңде елдің басын біріктіруге сеп болған қасиетті мұра», деп ерекше атап өткен болатын. Міне сол «Тайқазанды» шығысқазақстандықтар Өскемен қаласына кіре берістегі Қабанбай батыр ескерткішінің алдында ерекше ынтызармен күтіп алды.

Одан әрі Қазақстан Республикасы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының туын желбіреткен автокөліктер легі қала ішін аралай жүріп, эстафета символын Республика алаңындағы Абай ескерткішінің алдына жеткізді.

Эстафетаны қабылдау рәсіміне Облыс әкімдігі, жергілікті Ассамблея өкілдері, әр этностың ұлттық киімін киген этномәдени орталықтардың өкілдері қатысты. Тайқазанды Абай Құнанбайұлы ескерткішінің алдына «батырлар» көтеріп алып келді. Республика алаңында қазақ күйлері шертіліп, ақ кимешекті әжелер шашу шашты. Салтанатты рәсімнен кейін «Subaru club ukg» автокөліктерінің легі ардагерлер мен көмекке зәру адамдардың үйлеріне материалдық көмек көрсетуге аттанды.

Әр ұлттың бас қосуы республикалық және облыстық БАҚ өкілдерінің қатысуымен облыстық Достық үйінде өткізілген баспасөз мәслихатына жалғасты.

- Осы уақытқа дейін Павлодар облысынан шығып, Бесқарағай ауданы және Семей қаласы арқылы келген «Тайқазан» Шығыс Қазақстанда 27 ақпанға дейін болады. 27 ақпанда біздің өңірімізге Алматы облысының өкілдері келеді. Эстафета Қазақстан халқы Ассамблеясының 22 сессиясы өткен күні аяқталмақ. Аймағымызда «Қазақстан халқы Ассамблясының - 20 ізгі ісі» ардагерлер мен зәру адамдардың арнайы үйіне барып көмек көрсетуге бағытталмақ, - деді ШҚО ҚХА хатшылығының меңгерушісі Еркінбек Аязбаев. 

«Қазақстан Халқы Ассамблеясы - 20 ізгі іс» эстафетасының символы символы «Тайқазанды» Ассамблея жылының салтанатты ашылу рәсімінде ҚХА төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековке табыстаған болатын. Одан кейін эстафета Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарына жол тартқан болатын. Кезек Шығыс Қазақстанға жетті. Облыс әкімдігі 20 ізгі істің басым бөлігі көп балалы аналар, даму мүмкіндігі шектеулі балалар, соғыс ардагерлері мен қарттар үйіне бағытталатынын атап өтті. Эстафета символы Қазақстанның барлық өңірін аралап болған соң, сәуір айында Астанаға қайтып оралады, деп жоспарланып отыр. Бейбітшілік пен келісім қаласы санаатын Астанадан астау алған ізгі шара, осы уақыт аралыңында Қазақстанның барлық өңірін ізгі істерге толтырады деп сенеміз.


Материалды әзірлеген: Қаламқас НҰРМАҚОВА

Ұқсас материалдар