Қандастар Ассамблея

«Қазконтент» АҚ ұйымдастыруымен Баспа БАҚ өкілдеріне арналған конференция өтті (ФОТО)

28.10.2015 3074
Бүгін Астана қаласындағы «Дипломат» қонақүйінің конференц-залында «Баспа БАҚ-тардың онлайн редакциялары: өзекті мәселелер мен даму перспективалары» тақырыбында конференция өтті.

Бүгін Астана қаласындағы «Дипломат» қонақүйінің конференц-залында «Баспа БАҚ-тардың онлайн редакциялары: өзекті мәселелер мен даму перспективалары» тақырыбында  конференция өтті.

"Қазконтент" АҚ интернет-жобалар жөніндегі басқарушы директоры Жандос Шолақов

ҚР Инвестиция және даму министрлігінің Байланыс, ақпарат және ақпарттандыру  комитетінің қолдауымен өткен бұл конференцияның мақсаты – Баспа БАҚ өкілдерінің сауаттылығын арттыру және онлайн-форматқа көшуде медиа құралдарды қолдану аясында жаңа мүмкіндіктерді көрсету.

Аталмыш конференция 2013 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Бұл формат еліміздің аймақтық БАҚ-тары редакторлары үшін тәжірибе алмасуда маңызды жобаға айналды. Дәстүр бойынша спикерлер ретінде мультимедиялық журналистика саласындағы танымал эксперттер: блогерлер, БАҚ және қоғам өкілдері шақырылады.

Іс-шара ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ директор орынбасары Нұрлан Жұмағалиевтың алғысөзімен ашылды.  

Одан кейін «Қазконтент» АҚ интернет-жобалар жөніндегі басқарушы директоры Жандос Шолақов сөз алып, конференция қатысушыларына сәттілік жолдады.

Ары қарай конференция арнайы шақырылған спикерлердің баяндамаларымен жалғасты.

Бүгінгі конференцияның спикерлері: Серғали Балажан («Baq.kz» ақпараттық агенттіктің бас редакторы), Дана Саудегерова («Today.kz» ақпараттық сайтының бас редакторы), Гүлмира Сұлтанбаева (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспа және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі), Асима Ишанова (Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Журналистика және саясаттану факультетінің профессоры) және Асхат Еркімбай («Мінбер» журналистерді қолдау орталығының басшысы).

Ташетова Айгүл Дауылбайқызы

Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша аудандық «Тайынша таңы» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы

«Біздің сайтымыз 2013 жылы «Қазконтент» АҚ Баспа БАҚ-тың интернетке өтуі» жобасы аясында әзірленіп, сәтті жұмыс істеп келеді.  «Қазконтент» АҚ-мен тығыз қарым-қатынастамыз. Сұрақтар туындаса, жоба қызметкерлеріне хабарласып, мардымды жауаптар алып тұрамыз.

Аудандық газет болған соң, редакциямызда үш адам жұмыс істейді.

Сайт ашылғалы бері редакцияның өмірі біршама өзгерді. Шалғай ауылдағыларға пошта бара бермейді. Қазір олар газет келмеген күннің өзінде сайтқа кіріп біздің жаңалықтарымызды оқып отырады. Сонымен қатар, бұрын біздің газетті көбіне тек ауданымыздың тұрғындары алатын. Қазір осы сайттың арқасында біздің ауданның жаңалықтарын облысымыздың, тіпті Қазақстанның әртүрлі жерлерінен оқып жатады. «Біз сіздердің сайттарыңызды оқып тұрамыз» деген пікірлерді шалғай өңірлердің тұрғындарынан жиі естіп жүрміз» 

Анықтама ретінде:

«Қазконтент» АҚ «Баспа БАҚ-ты Интернетке өтуі» жобасы мемлекеттік қолдау негізінде Баспа БАҚ-ты Интернет желісінде дамытуға арналған. Елбасының тапсырмасымен «Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолдау тапқан жоба. Жобаның басты мақсаты - отандық ақпараттық кеңістікті дамытуға көмектесу, сондай-ақ, Баспа БАҚ-ты Интернетке көшіру үшін интернет-ресурстарды жасау және редакциялау дағдыларын тегін оқыту. 2012 жылдан бері 1000 аса баспа басылымдардың түгелдей Интернетке көшуіне және онлайн-нұсқасына ие болуына мүмкіндік туды. Үстіміздегі жылы Баспа БАҚ-тың 200 интернет-ресурстарын жасау жоспарланған.


Дәурен Омаров

Ұқсас материалдар