«Қазконтент» ұжымы Отан үшін қаза тапқан жауынгерлерге тағзым етті

07.05.2016 2745
Тағзым

9 мамыр Жеңіс күні мерекесі қарсаңында BNews.kz агенттігінің 50-ге тарта қызметкері «Қазконтент» АҚ-дағы өзге де әріптестерімен бірге Астанадағы «Отан Ана» монументінің жанында Отан үшін қаза тапқан жауынгерлерге тағзым еттті.     

Санаулы күндерден кейін еліміз екі маңызды мереке: Отан қорғаушы күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығын атап өтеді. Осы айтулы даталардың құрметіне еліміздегі ірі медиа компаниялардың бірінің қызметкерлері  «Отан Ана» мемориалының Мәңгілік алауына гүл шоқтарын қойды. 

Бұқаралық ақпарат құралдары, интернет және медиа ресурстар қызметкерлері сондай-ақ ерлікпен қаза тапқан батырлардың рухына тағзым ету мақсатында ауқымды флешмоб өткізіп, жарық шашатын әуе шарларын аспанға ұшырды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұқсас материалдар