Қандастар Ассамблея

"Қазақстан жолы" кітабының үзіндісін ұсынамыз

23.02.2015 2631
Назарларыңызға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Конституцияның қалыптасуының тарихи кезіңін сипаттайтын "Қазақстан жолы" кітабының үзіндісін ұсынамыз

Назарларыңызға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Конституцияның қалыптасуының тарихи кезіңін сипаттайтын "Қазақстан жолы" кітабының үзіндісін ұсынамыз

XVIII ғасырдағы француз заңгері, биліктің бөлінуі  туралы ілімнің авторы Шарль де Монтескье былай деген екен: «демократияның принциптері тепе-теңдік рухын жо-ғалтып алғанда ғана емес, сонымен бірге, тепе-теңдік рухын шегіне дейін жеткізіп, әркім өзінің билікке сайлаған адамдарымен тең болуға ұмтылғанда іриді». КСРО-ның өмір сүруінің соңғы жылдарында республикалардағы әртүрлі деңгейдегі депутаттар әкімшілік-әміршілік жүйенің сыншысына айналып кетті. Бұқаралық ақпарат құралдары Жоғарғы Кеңестер мен Съездердегі халық депутаттарының пікірталастарын тікелей эфирде таратып, оларға биліктің әртүрлі тармақтарының арасындағы қақтығыстар сипатын берді. Ерсілігі сол, Кеңес өкіметінің түпқазығы болып табылатын Кеңестердің өздері біраздан кейін осы өкіметті көпшіліктің алдында тұралатудың аренасына айналды. Бұқаралық ақпарат құралдары өзінің негізгі міндеті – адамға шындық ақпаратты жеткізудің, жаңа өзгерістердің өскіндерін айтып, жалпы адамзаттық құндылықтарды сақтаудың орнына қызбалықтың отына май құйды. Ондаған жылдар бойғы цензура мен тыйым салулардан кейін, қоғам басқа бір ұшқарылыққа ұрынып, сөз еркіндігі мен жариялылық принциптері адам танымастай болып өзгерді. Жариялылық тамаша, егер ол тексерілген ақпаратты беретін болса. Жалған ақпарат – ол еркіндік емес, еркіндікке қиянат жасағандық. Мұны өркениетті қоғамдар ерте түсінген, сондықтан оларда жала жапқаны үшін заңның барлық қатаңдығымен жауап сұралады. Осынау аса күрделі жағдайларда түрлі саясаткерсымақтар адам сезімін саудаға салып, билікке ұмтылды, мемлекеттіліктің түпқазығын шайқалтты, сөйтіп мемлекеттің тұтастығына қауіп төндірді. Нәтижесінде біз нақты не таптық? Тапқанымыз – ұзаққа созылған көпжақты саяси дау-жанжалдар болды, ал оған орта-50 ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ лықтағы және одақтық республикалардағы әртүрлі саяси топтар қатынасты. Тоқсаныншы жылдардың басындағы саяси текетірестер сол кездегі аса қатал экономикалық дағдарыспен қатарлас келді. Елде кәсіпорындар тоқтап, жұмыссыздық етек алды, бірінші кезектегі сұранысқа қажетті тауарларға деген төтенше тапшылық туды, ал одақтық «бюджет», дәлірек айтсақ, «тігісінен қақырап, сөгіліп» жатты. Біз тәуелсіздігімізді жариялаған 1991 жылғы шынайы жағдай осындай еді. Қазақстан өз тәуелсіздігін ресми түрде бұрынғы кеңестік республикалар арасында ең соңынан, 1991 жылдың 16 желтоқсанын да жариялаған ел болды. Сол кезде көптеген «жанашырлар» Қазақ стан өз тәуелсіздігін тағдырдың бір сыйы ретінде күтпеген жерден алды дегенді айтты. Тіпті кейбіреулер тәуелсіз Қазақстанның ғұмыры ұзаққа бармайды деп те сәуегейсіді. Бірақ қалай болғанда да, бір қызығы сол – біздің тәуелсіздігіміз үшін күрестің ең күрделі де жауапты кезеңі 1991 жылы дербестігімізді алғаннан кейін барып қана басталды. Біреудің өз тәуелсіздігін әлде кімнің жай ғана мойындағанынан гөрі, саяси және экономикалық жағынан шын мәнінде тәуелсіз болу әлдеқайда қиын. Күрес әлі де жалғасуда – бірақ бүгін бұл бәрінен бұрын тәуелсіз мемлекетті құрудың жоспарлы үрдісі түрінде болып отыр. Бұл тарауда әңгіме тәуелсіз мемлекетіміздің алғашқы іргетасы қалай қаланғандығы жайында айтылатын болады. Ол – Конституция туралы болмақ. Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін бізге бүгінгі өмір шындығымен және алдағы уақытпен бірге қадам басып, өткен ұрпақтың іс-тәжіри бесі мен жарқын болашаққа деген сенімді жинақтаған Негізгі Заң қажет болды. Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы ашық және демократиялық қоғам орнатудың негізгі принциптерін баянды етуге тиіс болатын. Конституциялық құрылыстың бастапқы кезеңдеріндегі біздің алдымызда тұрған міндеттер аса күрделі, сан алуан және жауапты еді. Біріншіден, жаңа құрылған мемлекетті, мемлекеттік билік пен басқарудың бүкіл жүйесін барынша нығайту қажет еді. Екіншіден, экономикалық түбегейлі реформалардың кезек күттірмейтін мәселелерін шешіп, оны терең дағдарыстан шығару керек. Үшіншіден, сыртқы саясатты қалыптастыру қажет. Төртіншіден, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету керек. Сонымен қатар, азаматтардың жалпы өркениетті дүниеде қабылданған құқықтары мен бостандықтарын бекітуге, демократиялық институттарды да мытуға байланысты міндеттердің жиынтығын шешу керек болды.1995 жылғы Конституция 51 Бүгінде біздің еліміз 1995 жылғы Конституция бойынша өмір сүреді. Ол қабылданғаннан кейін Қазақстан өзінің одан әрі даму жолын түпкілікті таңдап алды. Бүкілхалықтық референдумда қабыл- данған осы Негізгі Заң, шын мәнінде, қоғамдық келісімге айналды, сол бойынша өкімет Қазақстанды демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекетке айналдыруды өзіне басты міндет етіп алды, ал азаматтар Конституцияны және еліміздің заң- дарын бұлжытпай орындауға жауапкершілікті өз мойындарына қабыл етті. Осындай өзара міндеткерлік қоғам мемлекеттің одан әрі нәтижелі дамуына тиянақты негіз қалыптастырады және біздің болашаққа сеніммен қарауымызға мүмкіндік береді. Конституцияны қабылдау қарсаңында ұзақ мерзімді қызу жұмыс- тар атқарылды. Көптеген Конституциялар, әсіресе ХХ ғасырдың екінші жартысында қабылданғандары мұқият сараптаудан өткізілді. Біз үшін дамудың әртүрлі сатыларында тұрған, сан алуан әлеуметтік-мәдени, ұлттық және басқа да ерекшеліктері, әр түрлі құқықтық жүйесі бар елдердің Конституциясы басты мәселені – тұрақтылықты нығайтудағы, халықтың әл-ауқатын жақсартудағы және демократияны дамытудағы қол жеткен табыстарын ұғыну маңызды болды. Ізденіс географиясы да ауқымды болатын – ол Еуропаны, Азияны, Солтүстік және Латын Америкасын қамтыды. Мен өз басым тікелей әлемдегі жиырма елдің конституциясын талдап, олардан конспекті жасап алдым. Нәтижесінде, жаңа Конституцияның қажеттігі туралы шешім қабылдамас бұрын біздер бес жылдық жинақталған тәжірибе бол- ды. Біз содан негізгі басымдықтарды, мақсаттарды ажыратып, оларға жетудің құралдарын үйрендік. Конституцияны қабылдау қарсаңында ондаған жылдар бойы азаматтарымыздың ой-санасында қордаланып қалған стереотиптерді жою үшін, мемлекет пен қоғамды түбегейлі реформалау барысын- да пайда болатын көптеген объективті және субъективті пробле- маларды шешу үшін бірнеше жылға созылған табанды жұмыстар атқаруға тура келді. Иә, кейде біздің шешімдеріміз жартыкеш, ымырашыл сипатта да болды. Кез келген жаңа істе болатыны си- яқты, қателіктер де жіберілетін. Осының бәрі сол кездерде анық өтпелі сипатта болған мемлекеттік институттар мен заңнамалық қызметтерден көрініс тауып отырды. Бірақ, сол бір қиын-қыстау жылдарды еске алғанда, елімізді күрделі әлеуметтік катаклизмдерге соқтырмай, аман сақтап, әлемдік қауымдастықтың тең құқықты мүшесі ретіндегі осы заманғы мем- лекетін құру үшін не керектің бәрін істегеніме, мемлекетті құруға қызмет жасағаныма сенімдімін.52 ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ 1995 жылғы Конституция тақыр жерде пайда болған жоқ. Ол егемен Қазақстанда конституциялық құрылыс орнату үшін бұрын- нан жинақталған тәжірибелерді, сондай-ақ біздің жағдайымызға сәйкес келетін ең прогресшіл шетелдік тәжірибелерді барынша толық пайдаланған еді. Сондықтан да, кімде-кім еліміздің Негізгі Заңының рухы мен маңызын терең түсінгісі келсе, оны жасаудың, қалыптастырудың тарихын жақсы білуі керек.

Ұқсас материалдар