Қандастар Ассамблея

#11 Сати Казанова: мұз бен жалын Медеода

23.12.2014 3995
Эстрада жұлдызы мен туристтердің жаңа суреттерін тамашалаңыздар

Құрметті достар! Назарларыңызға «Қазақстан шетелдіктер» көзімен фотоайдарының он бірінші жарияланымын ұсынамыз!  Қазақстанға серуендеп келген не елімізде тұрып жатқан шетел азаматтарының интернет желісіне салған қызықты суреттерін аптаның сейсенбі және жұма күндері жариялап отырамыз.

Өткен демалыста, яғни желтоқсанның 5-6 күндері Алматы қаласына әнші, тележүргізуші әрі актриса Сати Казанова келіп кетті. Ресейдің ең әдемі әрі сәнқой жұлдызы Алматы қаласы жүрегінде ерекше орын алатынын жазды.

Ал бұл Шымкентте тұратын Ричардтың кезекті суреттері. Профессор демалыс уақытында әрдайым саяхаттап, еліміздің көркем табиғатымен танысады.

Ал бұл суреттердің атауы «Астана шетелдіктер көзімен». Осы фотоайдарды жүргізгелі біз бір қызық үрдісті байқадық. Шетелдік қонақтар елордамыздың таңның атқандағы және күн батқандағы кейпін бақылағанды жақсы көреді екен. Және осы суреттерді әлеуметтік желіліерде көретін шетелдік достары шынымен әдемілікке тамсанып, бұрын соңды осындай құбылыстарды бақыламағандарын жазады.

Назарбаев Университетінің профессоры Дженифер еліміздің мақтанышы Денис Теннің жетістіктерін бақылап жүреді екен.  «Алға,  Қазақстан» деп жазғаны қандай керемет.

Фотоайдардың бірінші, екіншіүшіншітөртіншібесіншіалтыншыжетіншісегізіншітоғызыншы және оныншы бөлімдерімен осы сілтемелер арқылы таныса аласыздар 

Фото: Instagram, Facebook

Әзірлеген: Айгүл Шерниязова

Ұқсас материалдар