Жаңалықтар

Тәуелсіз Қазақстанның жаңа есімдері

Қазақстанның 100 жаңа есімдері
Тәуелсіз Қазақстанның жаңа есімдері
15.12.2017 11:29 4105

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көтерілген мәселелер қоғамды рухани дамуға бастайтын маңызды қадам болып табылады. Елбасы өз мақаласында елді жаңа жетістіктер мен биіктерге жетелейтін жүйелі шараларды ұсынып, басты құндылық ретінде елдің бірлігін сақтауымыз керектігін ерекше атап өтті.

Мақалада бәсекеге қабiлеттiлiк, прагматизм, ұлттық бiрегейлiктi сақтау, бiлiмнiң салтанат құруы, Қазақстанның эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы секілді мәселелерге баса назар аударылған.

«Қазіргі күні елімізде саяси реформа мен экономикалық жаңғыру үдерісі қатар жүргізілуде. Бұл процестердің негізі – Қазақстанды әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосу. Аталған реформалар ойдағыдай іске асу үшін ең алдымен рухани жаңғыруды іске асыру қажет. Біз әлемдік технологияны, жаңалықтарды қабылдай отырып, өз ұлтымыздың тарихи тәжірибесі мен дәстүрлерін сақтау арқылы дамуымыз керек. Біз озық елдермен иық теңестіруіміз үшін бәсекеге қабілетті болуымыз керек», - деді Елбасы өз мақаласында.

«Туған жерге туыңды тік!» - деген дана халқымыз. Бұл – әрбір адамның кіндік қаны тамған жеріне сүйіспеншілікті білдіреді. Кез-келген азамат өзінің тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне терең бойлай білуі керек. Мемлекет басшысы өзінің мақаласында «Туған жер» бағдарламасын ұсынып, жас ұрпақтың бойына елге деген сүйіспеншілік, патриоттық сезімді қалыптастыру керектігін атап өтті. Елбасы білім, ғылым, зияткерлік қабілет және сапалы еңбек арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыру керектігіне ерекше тоқталды. Әрбір адам өз тарихын терең біліп қана қоймай, заман талабына сай қасиеттерге де ие болуы керек. Қазір «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» бағдарламаларын жүзеге асыру маңызды

«100 жаңа есім» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы.

Бұл жобада нақты адамдардың тағдыры мен өмірбаяны арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табады. Онлайн дауыс беруге ұсынылған 302 үміткер қызмет саласы бойынша алты санатқа бөлінген еді. Бүгінде олардың ішінен еліміздің 100 жаңа есімінің қатарынан көрінгендері бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға