Жаңалықтар

«100 жаңа есімді» халық таңдауы керек

ММА Федерациясының өкілі Анатолий Ким осындай ұсыныс айтты
«100 жаңа есімді» халық таңдауы керек
22.06.2017 19:43 4726

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен Қазақстанның Азаматтық Альянсы үкіметтік емес ұйымдары өкілдерінің кездесуінде ММА Федерациясының өкілі Анатолий Ким «100 жаңа есімді» халық болып таңдау керек» деген ой білдірді. Кездесу «БЮРО 100» бастамасы аясында ұйымдастырылды.

  - Себебі, елдің ішінде небір талантты бірақ танылмай қалған азаматтар көп. Оларды таңдауда халық болып шешім шығару қажет. 100 есімге лайықты деген тұлғаның өмір жолымен толық танысып, оның болашақ ұрпаққа үлгі бола алатындығына көз жеткізу керек, - деді А.Ким.

Сонымен қатар, Анатолий Ким «100 жаңа есімге» спортшы немесе өнер адамы ұсынылған болса, онда оны ұсынған ұйым немесе мекеме басшылығы ол туралы халықққа ақпарат беруі керектігін алға тартты.

- Мысалы бір адам көптеген жетістіктерге жеткен мықты спортшы болуы мүмкін. Ол күнделікті жаттығумен айналысып жүргендіктен өзін жарнамалап отыруға уақыты болмайды. Сондықтан оның басшылығы ол туралы ақпаратты халыққа ұсынулары қажет, - дейді спикер.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасын қолдауға дайын қоғам белсенділерімен кездесу ұйымдастырып, сол кездесу барысында  «БЮРО 100» бастамашыл тобының құрылатындығын хабарлаған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға