©El.kz/Диана Орынбасар

Netflix-тің қазақстандық фильмі тұңғыш рет Comic Con Astana сахнасында көрсетіледі

09.07.2025 13:02

Астанадағы Comic Con биыл бұрын-соңды болмаған форматта өтіп жатыр. Бұрын 2-3 күнге ғана созылатын фестиваль енді бірден бес күнге жоспарланған! Оның үстіне шара екі жерде қатар – Астана Арена мен Барыс Аренада өтіп, астаналықтарды да, туристерді де таңғалдыруда, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Неліктен жастар Comic Con-ды күтеді?

Фестиваль – жай ғана кейіпкерлер шеруі емес. Бұл – жастардың өзіне ұнайтын мәдениетке ену мүмкіндігі. Мұнда Marvel мен DC жанкүйерлері, анимешілер, геймерлер, косплей шеберлері бас қосып, ортақ әлем құрады.

Netflix-тің қазақстандық фильмі тұңғыш рет Comic Con Astana сахнасында көрсетіледі

Базарбек Қамысбаев, «Astana Tourism» орталығының департамент директоры:

Netflix-тің қазақстандық фильмі тұңғыш рет Comic Con Astana сахнасында көрсетіледі

Comic Con – жастар арасында танымал мәдениеттің көшбасшысы. Астана осы фестиваль арқылы оқиғалық туризмнің жаңа деңгейіне көтеріліп жатыр. Фестивальге 75 мың адам келеді деп күтілуде, олардың 10 мыңы – шетелдік туристер, – дейді ол.

Турист күніне қанша теңге жұмсайды?

Келген әр турист шамамен күніне 118 мың теңге жұмсайды екен. Бұл сомаға қонақүй, тамақ, такси және басқа да шығындар кіреді. Жалпы фестиваль қала бюджетіне 3,5 млрд теңге кіріс әкелуі мүмкін.

Голливуд – Астанада!

Comic Con-ның басты фишкасы – үш бірдей шетелдік кино жұлдызының қатысуы:

Энди Серкис – «Сақиналар әміршісіндегі» Голлум, «Маймылдар планетасы», «Жұлдызды соғыстар» кейіпкері

Эсай Моралес – «Озарк», «Орындалмайтын миссия»

Скотт Эдкинс – «Джон Уик 4», «Доктор Стрэндж», «Неоспоримый»

Netflix пен Қазақстан бірлескен фильм ұсынады

«Перемирие» (La Tregua) – Карлаг трагедиясына арналған алғашқы Netflix жобасы. Фильмді әйгілі Мигель Анхель Вивас түсірген («Қағаз үй» сериалын еске түсіріңдер). Туындының тұсаукесері дәл осы Comic Con-да өтеді.

Геймерлер мен киберспортшыларға арналған бонус

Фестиваль аясында TEKKEN World Tour 2025 аясында ресми турнир өтеді. 90-нан астам геймер 400 мың теңгелік жүлде қоры үшін жарысады.

Косплей – шығармашылықтың шегі жоқ әлем

Comic Con-ның жүрегі – косплей байқауы. Биылғы байқауда 15 млн теңге жүлде ойнатылады.

Netflix-тің қазақстандық фильмі тұңғыш рет Comic Con Astana сахнасында көрсетіледі

Қазылар алқасында Яя Хан (АҚШ), Cinderys (Франция) сынды әлемдік косплей шеберлері бар. Қазақ ертегілерінен бастап, жапон анимесіне дейін кез келген кейіпкер сахнада жаңаша өмірге енеді.

Бұл жай ғана фестиваль емес, бұл – коммьюнити

Netflix-тің қазақстандық фильмі тұңғыш рет Comic Con Astana сахнасында көрсетіледі

Фестивальдің бас продюсері Наталья Абрашкина:

Comic Con – бұл шабыт, достық, өзіңді еркін көрсетуге мүмкіндік. Әсіресе, жастар мен олардың ата-аналары осы ортада бірге болғанда – нағыз рухани байланыс орнайды, – дейді ол.

Netflix-тің қазақстандық фильмі тұңғыш рет Comic Con Astana сахнасында көрсетіледі