Жаңалықтар

Несие алып берген: Ақмолада ер адам танысының үйіне барып дене жарақатын салған

Несие алып берген: Ақмолада ер адам танысының үйіне барып дене жарақатын салған
Фото: polisia.kz 26.09.2023 18:01 676

Ақмола облысында ер адам танысының үйіне заңсыз басып кіріп, оған дене жарақатын салған, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

24 қыркүйек күні Бұланды ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан түнгі сағат 03.00 шамасында бұрынғы танысы оның үйіне заңсыз басып кіріп, дене жарақатын салғаны туралы өтініші келіп түсті. Күдікті ұсталды.

Анықталғандай, жәбірленуші үйіне басып кірген ер адамға бұрын несие алып берген, бірақ ол қолма-қол ақшаны алғаннан кейін ай сайынғы төлемдер бойынша міндеттемелерді орындамағаны белгілі болды. Содан кейін жәбірленуші полицияға жүгінген.

Осыдан кейін ер адам танысының үйіне басып кіріп, дене жарақатын салған. Осы фактіге қатысты полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 149-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға