Жаңалықтар

Өнерді таңдаған талапкердің назарына

Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясында қандай мамандар даярланады? Оқуға түсуге ниетті талапкерлер қандай шығармашылық емтихандар тапсырады?
26.06.2015 06:31 62569

Құрметті талапкерлер, араларыңызда өнерге ынтық жандар көп екеніне нық сенімдіміз. Болашақтарыңызды «өнер» атты киелі ұғыммен ұштастырып, дара қасиеттеріңізді шыңдағыларыңыз келсе зор мүмкіндіктеріңіз бар. Қазақ өнерінің қарашаңырағы Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясына оқуға баруға бел буған жас достар үшін қандай мамандықтар бойынша және қандай шығармашылық емтихандар тапсыратынын білуге тырыстық! Ақпарат кәделеріңізге жарайды деген сенімдеміз!

Өнерді таңдаған талапкердің назарына

Т. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы 2015-2016 оқу жылына келесі мамандықтар бойынша студенттерді қабылдайды:

Дәстүрлі  музыка өнері мамандығы

1.Халық әні (қаз.топ)

2.Халық аспаптары /домбыра, жетіген, қылқобыз/(қаз.топ)

Режиссура мамандығы

1. Хореография режиссурасы (аралас топ)

2. Көркем фильм  режиссурасы (аралас топ)

3. Теледидар  режиссурасы (аралас топ)

4. Режиссура, кино және теледидар  продюсерлігі   (аралас топ)

5. Анимациялық фильм режиссурасы (аралас топ)

6. Кино және ТВ  дыбыс режиссурасы (аралас топ.)

Актерлік өнер мамандығы

1. Драма театрының артисі (орыс топ)

2. Драма театрының артисі (неміс тобы)

3. Музыкалық театр артисі (қаз .топ)

4. Сөз сөйлеу жанрының артисі

Эстрадалық өнер мамандығы

1. Эстрада вокалисі (аралас топ)

2. Эстрада оркестрінің артисі (аралас топ)

Хореография мамандығы

1. Хореография педагогикасы  (аралас топ)

2.Спорттық бал биінің педагогикасы  (аралас топ)

Сценография мамандығы

1. Киім дизайны (аралас топ)

2.Театр-сәндік өнері (аралас топ)

3. Театр, кино және ТД  киімінің сценографиясы (аралас топ)

4. Театр, кино және ТД гримі (аралас топ)

Операторлық өнер мамандығы

1.Кино және ТВ операторы (аралас топ)

Кескіндеме мамандығы

1. Станоктік кескіндеме (аралас топ)

2. Монументалды кескіндеме (аралас топ)

Графика мамандығы

1. Станокті графика (аралас топ)

2. Жарнама  графикасы (аралас топ)

Мүсін мамандығы

1.Мүсін (аралас топ)

Өнертану мамандығы

1. Театртану (қаз.топ)

2. Кинотану (қаз.топ)

3. Кинотеледраматургия (қаз.топ)

4. Этноөнертану (қаз топ)

Сәндік өнер мамандығы

1. Металды  және басқада  материалдарды  көркемдеп өңдеу (аралас топ)

2. Көркем тоқыма (аралас топ)

3. Ағашты көркемдеп өңдеу (аралас. топ)

4. Көркем қыш (аралас топ)

Дизайн мамандығы

1. Сәулеттік  дизайн (профилі: интерьер дизайны) (аралас топ)

2. Өнеркәсіптік дизайны (профилі:жиһаз дизайны) (аралас топ)

Қабылдау шарттары:

1. Актерлік өнер мамандығына түсушілердің жас мөлшері: қыздар (20 жасқа дейін),    жігіттер (22 жасқа дейін).

2. Сәндік өнер және дизайн, бейнелеу өнері мамандығына түсушілердің орта көркемдік кәсіптік білімі (студия, мектеп, колледж) болуы шарт. Іріктеу комиссиясына өзінің 20-ға жуық жұмысын тапсыруы тиіс.

3. «Дыбыс режиссурасы» және «Эстрадалық оркестр артисі»,  «Эстрада вокалисі» мамандандыруына музыкалық орта білімі бар талапкерлер қабылданады.

4. Хореография мамандықтарына қабылдау кезінде хореогра-фиялық училищені, балеттік мектеп-студиясын және мәдениет колледждерін бітіргендерге аса назар аударылады.

Қабылдау емтихандарының мерзімі:

Іріктеу консультациялары:    20.06 - 01.07

Құжаттарды қабылдау:    20.06 - 01.07

Шығармашылық емтихандар:    02.07 - 07.07

Қабылдау комиссиясының байланыс телефоны: 8(727) 261-14-17

Ал, әр мамандық бойынша талапкерлерге қандай мәселені ескергені дұрыс және қандай шығармашылық емтихандар  тапсырады? Толығырақ тоқталып өтейік.  

Дәстүрлі музыка өнері мамандығы

Халық әні

«Халық әні» мамандандыруына түсем деген талапкерлердің міндетті түрде  арнаулы оқу орнын бітірген болуы шарт. Жалпы білім деңгейін, мәдени дәрежесін, жігер-қажырын, музыкалық сауаттылығын жоғары деңгейде көрсете білуі керек. Мемлекеттік тілді жете меңгерген, тілі таза, әрбір сөзі анық, дауысы үнді болғаны абзал.

Алғашқы шығармашылық байқау:

Барлық талапкер алғашқы шығармашылық байқаудан өтеді. Талапкердің музыкалық сауаты (теория, сольфеджио, гармония) қаралады. Домбыра, сырнай, қобыз, жетіген аспабында өзін сүйемелдей алуы шарт. Есту, есте сақтау, ырғақты сезіну қәбілеттері ерекше болуы керек.

Шығармашылық емтихандар:

1.    Орындаушылық өнері.

Талаптар

•    қазақтың халық әндерін,халық композиторларының әндерін орындай алуы керек;

•    Алтай-Тарбағатай, Жетісу дәстүрлі әншілік мектебінен хабары болуы керек;

•    дауыс диапазонын көрсете алатын кең тынысты екі ән орындалуы шарт.

2.    Музыка теориясы. Сольфеджио. Гармония. (билет бойынша).

Талаптар

•    теориялық музыкадан сұрақтар;

•    гармония пәні бойынша сұрақтар;

•    әндерді жатқа сүйемел арқылы орындау, берілген ән нотасын бірден оқу;

•   есту қәбілетіне анализ. Диатоникалық ладтағы дыбыс қатарын анықтау, гамма түрлері (табиғи, гармониялық, әуендік), интервалдар (диатоникалық және айрықша), үн дыбыстықтардын 4 түрі (Б 5/3, М 5/3, Ұлғ 5/3, Кіш 5/3 негізгі септаккордтар ( Б7, М7, Мdur7, Мкіші7, Кіші7 айналымдарымен) аккордтар.

Халық аспаптары (домбыра)

Өнерді таңдаған талапкердің назарына

«Халық аспаптары» (домбыра) мамандандыруына түсем деген талапкерлердің міндетті түрде  арнаулы орта оқу орнын бітірген болуы шарт. Олар жалпы білім деңгейін, мәдениеттілігін, жігер-қажырын, музыкалық сауаттылығын жоғары деңгейде көрсете білуі міндетті.

Алғашқы шығармашылық байқау:

Барлық талапкер алғашқы шығармашылық байқаудан өтеді. Талапкердің музыкалық сауаты (теория, сольфеджио, гармония) қаралады. Домбыра аспабында орындаушылық деңгейі, күйшілік қабілеті жеткілікті болуы шарт. Есту, есте сақтау, ырғақты сезіну қабілеттері ерекше болуы керек.

Шығармашылық емтихандар:

1. Орындаушылық өнері.

Талаптар

•    Орташа екпінде жүретін  лирикалақ бағыттағы бір күй;

•    Шертпе күй дәстүрінен бір күй;

•    Шеберлікті көрсететін бір күй.

2. Музыка теориясы. Сольфеджио. Гармония. (билет бойынша).

Талаптар

•    теориялық музыкадан сұрақтар;

•    гармония пәні бойынша сұрақтар;

•    әндерді жатқа сүйемел арқылы орындау, берілген ән нотасын бірден оқу;

•    есту қәбілетіне анализ. Диатоникалық ладтағы дыбыс қатарын анықтау, гамма түрлері (табиғи, гармониялық, әуендік), интервалдар (диатоникалық және айрықша), үн дыбыстықтардын 4 түрі (Б 5/3, М 5/3, Ұлғ 5/3, Кіш 5/3 негізгі септаккордтар ( Б7, М7, Мdur7, Мкіші7, Кіші7 айналымдарымен) аккордтар.

Халық аспаптары (жетіген)

«Халық аспаптары» (жетіген) мамандандыруына түсем деген талапкерлердің міндетті түрде  арнаулы орта оқу орнын бітірген болуы шарт. Олар жалпы білім деңгейін, мәдениеттілігін, жігер-қажырын, музыкалық сауаттылығын жоғары деңгейде көрсете білуі міндетті.

Алғашқы шығармашылық байқау:

Барлық талапкер алғашқы шығармашылық байқаудан өтеді. Талапкердің музыкалық сауаты (теория, сольфеджио, гармония) қаралады. Жетіген аспабында орындаушылық деңгейі, күйшілік қабілеті жеткілікті болуы шарт. Есту, есте сақтау, ырғақты сезіну қабілеттері ерекше болуы керек.

Шығармашылық емтихандар:

1. Орындаушылық өнері.

Талаптар

•    Бір халық әуені

•    Лирикалық шығарма

•    Шеберлікті көрсететін бір күй.

2. Музыка теориясы. Сольфеджио. Гармония. (билет бойынша).

Талаптар

•    теориялық музыкадан сұрақтар;

•    гармония пәні бойынша сұрақтар;

•    әндерді жатқа сүйемел арқылы орындау, берілген ән нотасын бірден оқу;

•  есту қәбілетіне анализ. Диатоникалық ладтағы дыбыс қатарын анықтау, гамма түрлері (табиғи, гармониялық, әуендік), интервалдар (диатоникалық және айрықша), үн дыбыстықтардын 4 түрі (Б 5/3, М 5/3, Ұлғ 5/3, Кіш 5/3 негізгі септаккордтар ( Б7, М7, Мdur7, Мкіші7, Кіші7 айналымдарымен) аккордтар

Халық аспаптары (қылқобыз)

«Халық аспаптары» (қылқобыз) мамандандыруына түсем деген талапкерлердің міндетті түрде  арнаулы орта оқу орнын бітірген болуы шарт. Олар жалпы білім деңгейін, мәдениеттілігін, жігер-қажырын, музыкалық сауаттылығын жоғары деңгейде көрсете білуі міндетті.

Алғашқы шығармашылық байқау:

Барлық талапкер алғашқы шығармашылық байқаудан өтеді. Талапкердің музыкалық сауаты (теория, сольфеджио, гармония) қаралады. Қылқобыз аспабында орындаушылық деңгейі, күйшілік қабілеті жеткілікті болуы шарт. Есту, есте сақтау, ырғақты сезіну қабілеттері ерекше болуы керек.

Шығармашылық емтихандар:

1. Орындаушылық өнері.

Талаптар

•    Батыс-европалық пьеса;

•    Қазақстан композиторларынан 1-2 шығарма;

•    Халық композиторларынан 3 күй;

2. Музыка теориясы. Сольфеджио. Гармония. (билет бойынша).

Талаптар

•    теориялық музыкадан сұрақтар;

•    гармония пәні бойынша сұрақтар;

•    әндерді жатқа сүйемел арқылы орындау, берілген ән нотасын бірден оқу;

•  есту қәбілетіне анализ. Диатоникалық ладтағы дыбыс қатарын анықтау, гамма түрлері (табиғи, гармониялық, әуендік), интервалдар (диатоникалық және айрықша), үн дыбыстықтардын 4 түрі (Б 5/3, М 5/3, Ұлғ 5/3, Кіш 5/3 негізгі септаккордтар ( Б7, М7, Мdur7, Мкіші7, Кіші7 айналымдарымен) аккордтар

Режиссура мамандығы

Көркем фильм режиссурасы

Абитуриенттің аяқталған орта білімі болуы тиіс. Ой-өрісі, білімдарлығы, шығармашылық қабілеті, бейнелі әрі өзбетінше ойлай алу мүмкіндігі бағаланады. Абитуриент мемлекет тілін білуі, компьютермен жұмыс істей алуы керек, сонымен қоса режиссер мамандығын түсініп, әдебиет, тарих, өнер саласында білімдерін таныта білуі қажет.

Алғашқы шығармашылық байқау:

Алғашқы шығармашылық конкурсқа тапсырушылар әңгімелерін, очерктерін, эсселері мен суреттерін, фотосуреттері мен сюжеттерін, фильмдердің (көркемсуретті, деректі және ғылыми-көпшілік) тақырыптары және сценарийлерін алып келу керек.

Шығармашылық емтихандар:

1.Жазбаша жұмыс (4 сағат).

Талаптар

Жазбаша жұмысқа төрт әртүрлі тақырып ұсынылады. Бұл емтихан барысында мәнерлі баяндау икемдіктері мен қабілеттіліктері анықталады. Абитуриент ұсынылған тақырыпты барынша толық ашуға тырысуы керек. Шығармашылық фантазия мен бейнелі ойлау қабілеті, сюжет құра алу қабілеті мен тақырыпты ашудағы жаңаша көзқарас бағаланады. Жұмыстың көлемі – 5 бет.

2.Ауызша емтихан (билет бойынша).

Талаптар

Ауызша емтиханның мақсаты – абитуриенттің ортақ орташа білімін, оның шығармашылық мүмкіндіктерін, білім мен аудиокөрілімдік саладағы (әсіресе кино, телевизия, радиотаралым, музыка мен бейнелеу өнері) түсініктерін анықтау. Абитурент бейнелеу өнері, әдебиет (шетел және қазақ), музыка, кино және телевизия тарихын жақсы білуі қажет. Ол көркем шығарманы бағалай білуі, оған сипаттама беріп, жақсы мен әлсіз жақтарын, стилі мен бағытын анықтай алуы қажет. Сонымен қоса ауызша емтихан барысында абитурент өзінің шығармашылық ойын дәлелденген түрде негіздеп, жұмыстың (Алғашқы щығармашылық конкурсқа ұсынылған жұмыстарымен қатар емтихан кезінде жазған жұмысының) орындалуының логикасын түсіндіруі қажет.

Режиссура, кино және теледидар продюсерлігі

Абитуриент шығармашылыққа икемділігімен қатар ұйымдастырушылық қасиетке ие болуы керек. Бойындағы креатив пен коммуникалды қасиет бейне және сөз, әуендермен жұмыс істей алу икемділігімен ұштасып жатуы қажет. Абитуриент әдебиет, бейнелеу өнері, кино, телевизия және БАҚ салалалрында хабардар болып, адамдар мен құжаттар, финанс пен аудиовизуалды саладағы менеджментпен қалай жұмыс істеу керектігін білуі керек.

Алғашқы шығармашылық байқау:

Алғашқы шығармашылық конкурсқа абитуриенттің автор ретінде жазған, режиссер немесе продюсер ретінде түсірген шығармашы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға