Жаңалықтар

Неміс сарапшысы: Қазақстанның бүгінгі бастамалары маңызды істерге жол ашады

Бұл негізгі құқықтарды қамтамасыз етуге шынайы мүдделігімізді көрсетеді.
Неміс сарапшысы: Қазақстанның бүгінгі бастамалары маңызды істерге жол ашады
Фото: elorda.info 26.08.2022 17:59 3110

Германия Халықаралық құқықтық ынтымақтастық қорының бас директоры Бахлер Фрауке қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz.

Ол өзінің құттықтау сөзін Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында өтіп жатқан халықаралық форумға онлайн қатысып жеткізді.

«Барша қазақстандықтарды келе жатқан Конституция күнімен құттықтаймын. Конституциялық бақылау саласындағы мемлекеттік тарнсформациялау мен реформалар сын тегеуріндер болып табылады. Сондай-ақ олар кез келген құқықтық жүйе мен қоғам үшін үлкен мүмкіндік. Халықаралық Герман қоры мен Қазақстандық ұйымдар арасында көптеген серіктестік келісімдер орнатылған. Сондықтан қазақстанның бүгінгі бастамалары да маңызды істерге жол ашады деп білемін», – деді Бахлер Фрауке

Қазақстандағы ауқымды шара қоғамдағы үдерістерге үңілуге, Конституциялық бақылауды дамытуға, негізгі құқықтарды қамтамасыз етуге шынайы мүдделігімізді көрсетеді. Герман халықаралық құқықтық ынтымақтастық қоры Қазақстанды жаңа бастамаларда әрқашан қолдауға әзір екендігін атап өтті.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға