Жаңалықтар

Неліктен тәтті жеуге құмартып тұрамыз

Неліктен тәтті жеуге құмартып тұрамыз
Фото: © Pixabay.com 11.12.2023 16:00 2474

Глюкоза энергияның негізгі көзі болғанымен, үнемі тәтті жеу ағзадағы проблемадан хабар береді. 

Сонымен, неліктен тәтті жеуге құмартып тұрады екенсіз?

Сіздің қарныңыз аш

Егер сіз қатаң диетаға отырып, көмірсулардан бас тартып жүрсеңіз, таңғы аста кофе ішіп немесе түскі асты жіберіп алсаңыз, ағзаңыз өз жұмысына қажетті калорияны алмай жатыр деген сөз. Ол энергияның орнын толтырудың ең қарапайым жолы тәтті бәліш немесе шоколад жеуге итермелейді.

Не істеу керек

Артық салмақ жинаудан қорқып, дұрыс тамақтану принципін ұстансаңыз, өзіңізді тежеп, тәттіге жақындамаңыз.

Неліктен тәтті жеуге құмартып тұрамыз

Сіз қазір ғана спортпен  шұғылдандыңыз

Жаттығу кезінде ағза көп энергия жұмасайды да, орнын тезірек толықтырудың көзін іздейді. Бұл – америкалық зерттеудің нәтижесі. Артық салмағы бар 171 адам арықтау үшін аянбай жаттығу жасаған. Ғалымдар ұзақ уақыт қиын әрі күштік жаттығудан кейін, олардың тәттіге деген тәбеті қатты ашылып кеткенін байқаған.

Не істеу керек

Физикалық жүктемені дұрыс таңдау керек. Сонымен қатар, жаттығуға арналған тамақтану режимін сақтаған абзал. Мәселен, көмірсуларды ұмытпаңыз, ол – тұтас дәнді азық-түліктер, макарондар, жеміс-жидек пен көкөністер. Ақуыздар (жұмыртқа, сыр немесе йогур) мен майлар (авокадо, күнбағыс пен жаңғақтар) да ағзаға керек екенін еске саламыз.

Неліктен тәтті жеуге құмартып тұрамыз

Жасанды тәттілендіргіштер жиі пайдаланасыз

Зерттеулер қантты жасанды тәттілендіргішпен алмастыру көптеген проблемаларға әкелетінін айтады. Себебі олар, ағзаға қант секілді қажетті энергияны бере алмайды. Сол себепті, тәтті нәрсе жеуге деген «тартылысыңыз» басылмайды. Онымен қоса, тамақтану дағдыңыз да өзгереді.

Не істеу керек

Егер қанттан бас тартуды ойлап жүрсеңіз, тәттілендіргіштен гөрі, пайдаланатын қанттың мөлшерін азайтқаныңыз жөн. Бас тарту оңай емес. Ғалымдар, тәттіге деген тәбетіңіз тек 3–6 күннен кейін ғана бәсеңдейді деген пікір айтады.

Сізде стресс

Аз адамнан құралғаан топты зерттей келе ғалымдар стресс кезінде адамның тәттіге, майлы тамақтарға тәбеті артатын байқаған. Зерттеушілер асқазанның шырышты қабатында грелин гормоны көп бөлініп, тәтті тағамдарға одан сайын құмарта түсетініңізді айтады.

Не істеу керек

Ол үшін алдымен стреспен күресуді бастау керек.Медитация, йогамен шұғылданып, жаяу жүріп, көңіл күйді қалыпты ұстауға тырысқан жөн.

Аз ұйықтайсыз

Егер адамның ұйқысы қанбаса, стресс сияқты грелин гормоны бөлінеді. Онымен қоса, лептиннің концентрациясы түсіп, семіздікке ұшырауыңыз мүмкін.

Не істеу керек

Әрине, ұйқыны қандыру керек. Ол үшін аш қарынға немесе қатты тойып төсекке жатпаңыз, ол дискомфорт тудырады. Жатар алдында гаджет пайдаланбаңыз. Күнделікті жаттығу жасаңыз, энергия жұмсау арқылы, кешкілік ұйқыға тезірек кетесіз.

Сіз қатты шаршайсыз

Кейде тәттіге немесе тұзды тамақтарға қатты құмарту шаршап жүргеніңіздің белгісі. Ағзаға энергия жетіспегендіктен, ол осы арқылы тезірек толтыруды ойлайды. Глюкоза – ең қолжетімді нұсқа.

Не істеу керек

Жағдайды ушықтырмас үшін және семіздікпен күресіп жүрмес үшін ағзаға қажетті демалысты беріп отырыңыз. Сонымен қатар, пайдалы тамақтануды да ұмытпаңыз.

Неліктен тәтті жеуге құмартып тұрамыз

Темекі шегуді тастағалы жүрсіз

Егер адам осы зиянды дағдысын қоюды бастағанда мида серотонин синтезі өзгеріске ұшырап, көңіл күйі құбылып, депрессияның белгілері көрініс береді. Бұл тәтті жеуге итермелейді.

Не істеу керек

Шылым шегуді доғарғыңыз келгеніңіз құптарлық іс, тек дұрыс әдісін таңдаңыз, кейбір адамға спортпен шұғылдану көмекке келсе, кейбіріне психотерапевтпен жұмыс жасаған жағады.

Сізде етеккіралды синдромы

Әйелдерде етеккір алдында серотонин синтезі төмендейді. Сол себепті көңіл күйі түсіп, тәттіге қызығушылығы оянады. Бұл артық салмақ жинауға апарар жол.

Не істеу керек

Етеккіралды синдромын алдын алу мақсатында дәрігерлер серотонинді қалыпты жағдайда ұстап жүру үшін дәрі  не көкініс пен жеміс-жидектен тұратын диета тағайындайды. Кейбір әйелдерге массаж немесе әртүрлі шөптен тұратын шай көмектеседі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға