Неліктен Атлант және Тынық Мұхиттарының суы бір-бірімен қосылмайды?
Жер шарындағы ең алып су айдындарының бірі - Атлант және Тынық мұхиттары. Әлем картасына қарағанда екеуінің арасында нақты шекара жоқ сияқты көрінгенімен, көптеген адамдар олардың сулары қосылмай, бір-бірінен айқын бөлініп тұратындай әсер байқайтынын айтады. Әсіресе, Интернетте тараған бейнежазбаларда екі түрлі түсті судың бір-біріне араласпай ағатыны жиі көрсетіледі. Сонда мұның сыры неде?
Бірнішіден, түстердің айырмашылығы бұл табиғи құбылыс. Ғалымдардың айтуынша, екі мұхит суының араласпайтындай әсер қалдыруының басты себебі, олардың физикалық және химиялық құрамындағы айырмашылықтар. Әр мұхиттың тұздылығы, температурасы, минералдық құрамы әртүрлі.
Атлант мұхитының тұздылығы жоғары, суы ауырлау. Тейісінше, Тынық мұхитында тұздылық төмендеу, температурасы басқа.
Осы айырмашылықтарды теңізтануда галоклин және термоклин деп аталатын құбылыстар сипаттайды. Бұл қабаттар су массаларының араласуын баяулатып, оларды шекара тәрізді бөліп тұрғандай көрініс қалыптастырады.
Мұхит сулары мүлдем араласпайды деген түсінік ғылыми тұрғыда дұрыс емес. Олар араласады, бірақ бірден емес, өте баяу және үлкен қашықтықта. Су массаларының түйіскен тұсында тығыздық пен температура айырмасынан контрастты сызық пайда болады. Бұл сызық кейде тіпті жолаушы тасымалдайтын кемелерден анық көрінеді.
Теңіздер кездесетін ең танымал нүктенің бірі - Аляска маңындағы тәжірибелі гидрологиялық шекара. Мұнда мұхит суларының түсі қатты айырмашылыққа ие болып, бір-біріне қосылмай тұрғандай әсер қалдырады.
Қарапайым тілде түсіндірсек, бір мұхит құрамында органикалық заттар көп болса, түсі қою болады. Екіншісінде жеңіл минералдар басым болса ашық түсті бөледі. Осы себептен екі теңіз екі әлем секілді болып көрінеді.
Дегенмен дәл осы табиғи құбылысты тиімді пайдаланып, АҚШ және Жапон кәсіпкерлері қыруар пайда тауып, ел экономикасына айтарлықтай септегін тигізіп жатыр.

