Жаңалықтар

Некеде тұрғандарға несие берудің жаңа ережесі күшіне енді

Некеде тұрғандарға несие берудің жаңа ережесі күшіне енді
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ 02.09.2024 06:32 398

1 қыркүйектен бастап елімізде заңды некеде тұрған азаматтарға ақшалай несие берудің жаңа ережелері күшіне енді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 24kz-ке сілтеме жасап.

Қаулыға сәйкес жұбайының қарыз немесе микрокредит беруге келісімін алу қағидалары бекітілді. Яғни, несие шартына қол қоймас бұрын банк клиенттің некесі тіркелгендігі туралы ақпаратты алдын ала тексереді. Мәлімет расталып, несие сомасы белгіленген шектен асып кетсе, кредитор жұбайының келісімін алуға міндетті. Мұндай қарыздың ең төменгі мөлшері 1000 АЕК, яғни, 3 млн 692 мың теңгені құрайды. Ал жұбайының келісімінсіз берілген қарызды кредит беруші есептен шығаруға міндетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға