Жаңалықтар

Неке-отбасы қатынастарының түсінігі мен қағидалары

Неке-отбасы қатынастарының түсінігі мен қағидалары
27.11.2015 04:29 69577

Азаматтық құқықтың нормаларымен реттелетін туыстық қатынасқа бағытталған, жеке мүліктік және мүліктік емес жағдайларды реттейтін қатынастардың кешені – неке және отбасы.

Неке-отбасы қатынастарының түсінігі мен қағидалары

Неке-отбасы құқығы- қоғамдық қарым-қатынстарды реттейтін заңдық нормалардың жиынтығы ретінде қарастыруымызға болады.

“Отбасы” және “Неке” ұғымдары бір-біріне тәуелді. Неке ұғымына қарағанда, отбасы ұғымының түсінігі кеңірек. Неке - отбасының негізгі алғышарты. Көп жағдайларда дұрыс толыққанды отбасы тек қана неке негізінде құрылады және дамиды. Неке - өз еріктерімен және заңда көрсетілген реттермен толық келісе отырып, отбасы құру мақсатында, мүліктік және мүліктік емес жеке қарым-қатынастарды тудыратын, әйел мен ер адам арасындағы тең құқықты одақ. Міне осы ұғымнан шыға отырып, халықаралық жеке құқықтағы неке, тек олардың азаматтарының әр түрлігіне байланысты болатындығын белгілейді. Бұл жерде міндетті түрде шетел элементі қатысуымен, яғни жеке тұлғаға (шетел азаматы) қатысты болуы тиіс.

Халықаралық сипатқа ие, шетел элементімен күрделенген қатынастар ғана халықаралық жеке құқық әрекет етуінің аясына енетіндігін білеміз. Шетел элементі нормасымен жүргізілетін қатынастар шетел азаматы немесе шетел заңды тұлғасы қатысумен болатын, азаматтық құқықтық қатынастардан туындайды. Бұл жағдайда заңды обьект шетелде орналасуы қажет. Сонымен, азаматтық құқықтық қатынастағы шетел элементі:

  1. Шетел азаматтықта немесе заңды тұлғаға қатысы болса, шетелдік тіркеуден өткен тұлғалар;
  2. Азаматтық құқық обьектісінің шетелде орналасуы;
  3. Өзге де шетелдік сипатта болған жағдайларда.

Шетел азаматтары некеге тұрған жағдайда, екі мемлекет арасындағы  “Неке” заңнамаларында көрсетілген реттерде мұндай қатынастар көзделмесе, көрсетілмесе неке заңсыз деп есептеледі. Неке ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балаларды және басқа да жанұя мүшелері арасындағы отбасылық құқықтық қарым-қатынастарды туғызатын негіз болып табылатындықтан, отбасы құқығының маңызды заңдық фактілерінің бірі болып табылады.

Отбасы құқығы – некеге тұру шарттарын және оны тоқтатудың ретін белгілейтін, ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар және басқа да туысқандар арасындағы мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттейтін, бала асырап алудың тәртібін белгілейтін бірнеше нормативтік-құқықтық актілердің жиынтығы. Отбасылық қарым-қатынастарда заңдық нормалармен бірге адамдардың адамгершілік қасиеттердің де маңызы зор екенін айта кету керек.

“Неке-отбасы туралы” Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес осы құқық саласы азаматтық қатынастарды төмендегідей қатынастарға  жіктейді:

1)  некеге тұру, некені бұзу және оны жарамсыз деп тану қатынастары;

2)  отбасы мүшелерінің, ерлі-зайыптылардың, ата-ана мен балалардың арасындағы, кейбір жағдайларда отбасылық құқыққа байланысты басқа да өзге адамдар мен туысқандар арасындағы өзіндік мүліктік және мүліктік емес жеке қарым-қатынастар;

3) ата-ананың қарауынсыз қалған балаларды орналастыруға байланысты қарым-қатынастар;

4)  азаматтық хал актілерін тіркеуге байланысты қарым-қатынастар.

Халықаралық жеке құқықтағы неке-отбасы қатынастары – бұл шетел элементімен күрделенген отбасы құқығының нормаларымен реттелетін некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе ата-анасыз қалған балалардың басқа да нысандарынан туындайтын қоғамдық қатынастар. Олар тек азаматтық, отбасылық қарым-қатынастарда ғана емес, сонымен бірге адамгершілік сипатта болатын және заңдық реттеуге тәуелді қарым-қатынастар болып табылады.

Халықаралық жеке құқықтағы отбасылық құқықтық қарым-қатынастардың ерекшеліктеріне мыналарды жатқызсақ болады:

- көптеген елдерде отбасылық құқықтың субьектілері заңмен анықталған (ерлі-зайыптылар, ата-аналар, асырап алушылар);

- отбасы құқығы субьектілерінің құқықтары мен міндеттерінің басқаға берілмеуі және бөлінбеуі;

- отбасылық-құқықтық қатынастар ақысыз болып табылады;

- жеке қарым-қатынастардан мүліктік қарым-қатынастардың туындауы.

Қазіргі кезде отбасылық қарым-қатынастарға мемлекеттік-заңдық әсер ету әдістерімен қатар өзгеде әдістер  түрлері бар. Әдістердің ерекшелігі диспозитивті және императивті әдістердің жиынтығы болып табылады.

Халықаралық жеке құқықта отбасылық-құқықтық реттеудің диспозитивтілігі, отбасы құқығының отбасылық қарым-қатынастар саласындағы отбасылық  қатынастар субьектілеріне олардың қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыру үшін құқықтық құралдармен қамтамасыз ету әдісі.

Императивтілігі отбасы құқығының басым көпшілік нормаларының тараптардың келісімі арқылы өзгертуге келмейтін, қатандығын айтамыз. Көбінесе, мұндай әдістің әсер етуі тыйым салуда көрініс табады.

Жалпы алғанда, отбасылық-құқықтық тыйымдарды тікелей және жанама деп бөлуге болады. Ашық түрдегі тыйым тікелей болып табылады. Мысалы, “Неке-отбасы туралы” ҚР Заңының 11-бабына сәйкес мынадай жағдайларда некеге тұруға болмайды:

- екі адамның біреуінің басқа некеде тіркелген жағдайда, яғни біздің елімізде моногамия;

- ата-аналары бір, тікелей туысқандық қатынастағы, толыққанды немесе жартылай толыққанды ағайындылар және апалы-сіңлілер арасында;

-  екеуінің біреуі-есі дұрыс емес немесе психикалық аурудың әсерінен әрекетке қабілетсіз деп танылған болса.

Отбасы құқықтық қатынастарында шетелдік элемент қатысуы тек, заңи факті, яғни шетелде қарым-қатынастың туындауы, өзгертілуі мен тоқтатылуы жағдайларына байланысты болады (мысалы, шетел территориясында ресей азаматтарының  некені құруы немесе бұзуы).

Отбасылық-құқықтық қатынастардың төмендегідей арнайы белгілері бар:

-  Отбасылық-құқықтық қатынастардың субъективті құрамы заңмен анықталған;

-  Олар созылмалы сипатта болады;

-  Отбасылық-құқықтық қатынастар ақысыз негізде болады;

-  Олар арнайы заңдық деректердің негізінде пайда болады;

-  Отбасылық-құқықтық қатынастар әкімшілік қатынастармен байланысты болып отырады.

Енді отбасылық-құқықтық қатынастардың осы белгілерін қарастырамыз: отбасылық-құқықтық қатынастардың субъектілері: ерлі-зайыптылар, бұрынғы ерлі-зайыптылар, ата-аналар, бала асырап алушылар, балалар, туған ағалар мен қарындастар, аталар мен әжелер, немерелер, тәрбиешілер және тәрбиеленушілер, өгей балалар, өгей ата-аналар, қорғаншылар және қамқоршылар. Бұл тізім қатаң емес, өйткені отбасы құқығында заң және құқық ұқсастығы қолданылады. Ал өмір отбасылық-құқықтық қатынастардың жаңа нысандарын тудырады, мысалы, отбасы құқығында салыстырмалы түрдегі бір жаңа құбылыс – асырап алушы ата-аналар, яғни баланы өз қалаулары бойынша асырап алушылар. Осыған байланысты отбасы құқығында қамқоршы және қорғаншы органдардың рөлі өзгереді. Егер бұрынғы кезде отбасы құқығы бойынша әдебиеттерде отбасылық қатынастарға тек тұлға түсе алады десе, қазірде қамқоршы және қорғаншы органдар баланы белгілі бір отбасына беруде шарттық тараптардың бірі болып табылады. Бұл қамқоршы және қорғаншы органдарды отбасы құқығының субъектісі деп тануға негіз болып табылады.

Отбасылық-құқықтық қатынастар заңда белгіленген арнайы заңдық фактілердің негізінде пайда болады, өзгереді немесе тоқтатылады. Бала асырап алу, некені тіркеу және бұзу және т.б. бірақ көптеген жағдайларда құқықтық салдар туындау үшін деректі құрам қажет (заңды деректердің жиынтығы). Мысалы, баланы асырап алу үшін, асырап алушы мен оның жұбайының ерік білдіруі, баланың ата-аналары мен олардың міндеттерін атқарушы адамдардың келісімі, 10 жасқа толған баланың келісімі, бала асырап алу үшін сот шешімі қажет. Отбасы құқығында заңдық деректер жай мүліктер. Олар ұзақ мерзімді сипаттағы оқиғаларды білдіреді. Туыстық, ерлі-зайыпты болу, кәмелетке толмағандар, жүктілік, қажеттілік.

Отбасы құқығының қағидалары оның  неке  құқықтарын қолдану кезінде негізгі бастау алуға шоғырландырылған  негіз болып табылады. Отбасы құқығының қағидалары отбасы заңнамаларында бекітілген түрде және соған сәйкес жеке және мүліктік қатынастардың реттелуін қамтамасыз етеді.

Неке-отбасы қатынастарының қағидаларына толығырақ тоқталатын болсақ:

1) еркек пен әйелдің некелік (ерлі-зайыптылық) одағының еріктілігі;

2) отбасындағы ерлі-зайыптылар құқықтарының теңдігі;

3) отбасының ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол берілмеушілік;

4) отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісім арқылы шешу;

5) балалардың отбасында тәрбиелену басымдығы, олардың өсіп-жетілуі мен әл-ауқатты болуына қамқорлық;

6) отбасының кәмелетке толмаған, қарт және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін басымдықпен қорғау;

7) отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, осы құқықтарды сот арқылы қорғау мүмкіндіктері;

8) отбасының барлық мүшелерінің салауатты өмір салтын қолдау қағидаттарына негізделеді. Отбасы қатынастарын құқықтық реттеу біздің елде тек мемлекетпен жүзеге асырылады.

Отбасы-неке қатынастарын құқықтық-реттеу айтарлықтай жария-құқықтық негізде болады. Отбасы құқығы доктриналарда жеке және жария нормалардың құрылымы ретінде белгіленеді. Әрине, отбасы құқығы ұлттық құқықтың жеке-құқықтық жүйесіне кіреді, бірақ мемлекеттік реттеу азаматтық құқыққа қарағанда айқын көрініс табады.

Осыған байланысты, кез-келген мемлекет өзінің айқын демографиялық саясатын жүргізеді. Көптеген елдердің нормативті актілерінде заңды неке ұғымы берілмеген. Отбасылық құқық қатынастардың екi iрi блоктарын реттейдi: неке-отбасылығы және ата-аналармен және балалардың арасындағы. Бұл бөлiмдер өз кезегiнің iшiнде маңызды некелесу туралы нормаларды, жұбайлардың арасындағы қатынастар туралы, неке бұзу және оның зардаптары туралы нормаларды қамтиды.

Көптеген елдерде отбасы қатынастары азаматтық заңнамалармен реттелетін болғандықтан, отбасы құқығы жеке бір сала ретінде қарастырылмайды (ФГР, Швейцария). Францияда алғашқы Отбасы кодексі тек 1998 жылы қабылданды. Қазіргі таңдағы дамыған елдерде көбінесе отбасы құқығы азаматтық құқықтың бір саласы емес, жеке бір құқық саласы ретінде оқытылады (РФ, Алжир, Шығыс Еуропа елдері және Латын Америкасы).

Қазіргі таңдағы халықаралық құқықта егер шетел азаматымен некеге тұрған жағдайда, азаматтардың сол үшін азаматтығын ауыстыру міндетті емес, бірақ ауыстыру мүмкіндіктері көзделген.

Жалпы неке түсінігі әр елде әртүрлі жағдайда көрініс тапты. Некені біз ерекше, өзге бір институт ретінде қарастырсақ болады. Неке қатынастарына келгенде шетел элементі болған жағдайда, осы қатынастар аясында әртүрлі қақтығыстар нәтижесінде мәселелер туындауы мүмкін. Осы тұста, Ш.Монтескьенің сөзін еске алсақ болады, бір мемлекеттің заңы екінші мемлекетпен сәйкес болуы өте сирек кездесетін жайт. Қазіргі кездегі неке түсінігі ерікті, теңқұқықты, ер мен әйелдің құрған одағын түсінеміз. И.Кант ойынша, неке келісім-шарт негізінде туындай алмайды, себебі келісім шарттан тек белгілі бір мақсатқа ғана жетуге болады. Себебі шартта белгілі бір мерзімі шектеледі, ал неке болса, белгілі бір мақсатқа жетумен емес, неке құрған адамдарда ол тек өлім болмаса себепті шешімдермен айқындалады.

Неке институты елдің мәдениеті, тарихы, экономикасы мен саясатына тікелей байланысты. Материалды шарттар қатынасында неке-отбасы қатынастарын реттеу жеке заңға байланысты. “Егер, некеге тұрып жатқан азаматтардың екеуі де шетел азаматтары болса, онда неке испания заңнамасына сәйкес жүзеге асырылуы мүмкін” (Испания Азаматтық кодексі 50 бап). “Шетел азаматымен неке құру мүмкіндігі, азаматтығы бар елдің Кодексіне сәйкес жүзеге асады”,- Польша Азаматтық кодексінің 14 бабында айтылған. Ресейде өз елдерінің азаматтарымен шетел азаматтары арасындағы неке құрыла алады және тұлғалардың азаматтығы заңының коллизиялық принциптер негізіндегі әртүрлі мемлекет азаматтары тұрғылықты жері заңы (домицилия) бойынша болатын некелерді құрады. Неке құру шарты шетел азаматымен неке орын алып жатқан жердің заңымен қатар, азаматтығы бар жердің заңы бойынша реттеледі. Неке рәсімі өткен жер заңы (lex loci celebrationis) шарттары міндетті түрде сақталады.

Шет елдердегі отбасылық құқық азаматтық құқық құрамына кiретiн жеке құқықтың бөлiндiсiнiң институты болып табылады. Сондықтан да көптеген елдерде отбасы құқығы азаматтық кодекстер немесе азаматтық кодекстің басқа да актілерімен, сонымен қатар отбасылық-мүліктік сот тәжірибесі, яғни азаматтық істер негізінде жасалатын актілермен реттеледі. Әрине, әр елдерде өзіне тән айырмашылықтар бар. Мысалы, жағдайдың бiрдей отбасылық-құқықтыларын қолданылатын елдер бар (ГФР, Испания, Жапония және т.б.), оларда біртұтас отбасылық құқығы бар. Жеке елдерде отбасылық құқықтың бiрнеше жүйелерi қатар жұмыс iстейдi (Ұлыбритания, Мексика тағы басқалар), көбiнесе федералды мемлекеттiк құрылымы бар елдерде. Кейбiр елдердегi жүйелердiң бiрнеше отбасылық-құқыларын бар болуы (Иран және тағы басқа мұсылман елдер) дiни себептермен ескертiледi.

Көптеген айырмашылықтар жеке елдердің азаматтық кодекстеріндегі нормалардың  отбасылық-құқықтық формасында айқындалады. Германиядағы отбасылық құқық арнайы бөлімді құрайды (IV-шi кiтап), Францияда отбасылық-құқықтық нормалар екі кітапқа бөлінген: І-ші кітапта (V—IX лауазымдар) – отбасылық-құқықтық қатынастардағы нормалар және ІІІ-ші кітапта (V-шы лауазым) – неке-отбасылық қатынастар және жұбайлардың арасындағы мүліктік қатынастарға байланысты келісім шарты туралы нормалар. АҚШ-тағы жеке штаттарда отбасылық құқықпен бірге неке және ажырасу жайлы Федералды Біркелкі Заң бар (1970 жыл).

Шетел елдерiнiң заңы некеге анықтама бермейдi. Әдетте азаматтық кодекстерi бар және отбасылық заңның басқа акттерi неке құру шарттарын реттейдi. Көптеген шетел заңгер-ғалымдар өзінің көзқарастарын тек жанұя, ағайындық, заң және биологиялық ұғымдарына көбірек көңіл бөледі (қан бойынша тек).  Отбасылық-құқықтың доктринасының мағынасы бойынша неке – бұл, жай ғана әрiптестiк (келiсiм шарт) мәмiле немесе ерiктi өмiрлiк одақ. С.Вагацумының және Т.Ариидзумидің пiкiрiнше жұбайлардың арасындағы қатынас - бұл келiсiмді қатынас, ал неке-отбасылық қатынастардың өзгерiсіндегі әсер неке-отбасылық мәмiлелер деп аталады.

Шет елдердің құқығына байланысты неке әр түрлі жағдайлармен жүзеге асырылуы мүмкін:

a)  Азаматтық формада (Франция, ГФР, Жапония);

b)  Азаматтық немесе діни формада – жұбайлардың тандауы бойынша (Испания, Италия, Англия, Канада);

c)   Ағылшындық, діни және басқа да ырымдар бойынша азаматтық деп танылады (Англия);

d)  Тек қана діни формада (Лихтенштейн, Израиль, АҚШ-тың кейбір штаттарында және Канаданың жеке провинцияларында, ислам мемлекеттерінде – Иран, Ирак және т.б., 1982 жылға дейін Грецияда).

Әр елдің неке ұғымына сай өзіндік ұстанымдары болады. Мысалы, кейбір елдерде полигамды және біржынысты некеге рұқсат беріледі.Қазіргі таңдағы құқықтық доктриналарда және сот тәжірибесінде, неке неке-шарт, неке-мәртебе, неке-серіктестік болып анықталады.Көп жағдайдағы көзқарас бойынша, неке – ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік құқықтары мен міндеттерін туғызатын азаматтық-құқықтық келісім-шарт. Шетел элементімен күрделендірілген отбасы қатынастары, халықаралық азаматтық құқықтық қатынастың құрамдас бөлігі болып табылады.

Барлық елдердi заң және тәжiрибе некелесу үшiн қажеттi шарттардың кешенi қажеттi ескередi, егер осы шарттарды дұрыс орындамаған жағдайда некенің жарамсыз және оның жоюлуына әкелуіне әкеп соқтырады. Осылардың кейбіреулері келесідей тұжырым шығарады: «неке-отбасылық қатынастар ұлттың дамытуын негiздейді және халықтың қозғаушы күш көздерi болып табылады және  жанұяның дұрыс және сау дамуына жағдай жасау, сондықтан да мемлекет араласпауынсыз болмайды». Некелесудi өте маңызды шарттары: неке құру еріктілігі; неке құру жас шамасына жетуі. Бұл жас шамасының әр елде әр түрлі, 15 жастан (кейбiр Канадалық провинцияларында) 19 жасқа дейін (Франция көлеңделерi үшiн) қамтиды. Қандай да болмасын жас шамасындағы ортақ заңдылық неке кәмелет жастылық жоқ. Тек қана бөлiндiлер бар. Бұл еркектер және әйелдер үшін жас шамасы әр түрлі, кейбір елдерде бұл жас шамасы төмендетілді ( мысалы, Франция, Англиядағы және ГФР үшiн ер адамдар үшін жас шамасы 21 жастан 18 жасқа дейін төмендетілді).


Автор Ақмөлдір АСАН

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға