Недовесов теннистен Ұлыбритания турнирінің жеңімпазы атанды
24.06.2023 10:48
Фото:
ҚР теннис федерациясы
Жұптық сайыста Қазақстан ерлер құрамасының мүшесі Александр Недовесов Эквадор өкілі Гонсало Эскобармен бірге Ұлыбританияда өткен "Челленджердің" чемпионы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Александр мен Гонсало чемпиондық атақ үшін кездесуде америкалық-австралиялық Роберт Гэллоуэй мен Джон Патрик Смит жұбын 2:6, 7:5, 11:9 есебімен ұтты. Кездесу 1 сағат 31 минутқа созылған болатын.
Отандасымыздың бұл маусымдағы үшінші финалы болып отыр. 18 маусымда Александр мен Эскобар Нидерландыда өткен ATP 250 сериясы турнирінің чемпионы атағы үшін таласқан еді. Ал сәуірде қазақстандық теннисші португалиялық Франсиско Кабралмен бірге шығып, Босния және Герцеговинадағы ATP 250 шешуші матчында жеңіліп қалған-тын.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

