Жаңалықтар

"Не молчи" қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі қамауға алынды

"Не молчи" қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі қамауға алынды
Фото: Facebook / dina.tansari.kz 14.04.2025 20:00 729

Черногорияда "Не молчи" қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ол таңға дейін сонда болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл мәлімет Дина Таңсәрінің Telegram-арнасында жарияланды. Онда қор негізін қалаушының видеосы жүктелген. Айтуынша, қамауға алыну себебі әзірге белгісіз. Таңертең оны экстрадициялау мәселесіне байланысты сот отырысы өтпек.

Еске салсақ, 2023 жылы Қазақстан полициясы «Не молчи» қорының басшысы Дина Таңсәріге іздеу жариялаған болатын.   

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға