Назым Қызайбай үш дүркін әлем чемпионы атанды
16.03.2025 21:23
Фото:
Спортты дамыту дирекциясы
Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Сербиядағы біріншілікте үш дүркін әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отандасымыз Ниш қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында 48 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Ол финалда ресейлік Юлия Чумгалакованы 5:0 есебімен жеңіп, қазақтан шыққан тұңғыш үш дүркін әлем чемпионы атанды.
Назым бұған дейін әлем чемпионаттарында 2014, 2016 жылдары чемпион болған. Ал 2012 жылы Қытайда өткен біріншілікте қола жүлдеге ие болған.
Сондай-ақ, Қызайбай 2024 жылғы Париж Олимпиадасында қола жүлдеге қол жеткізді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

