Жаңалықтар

Назым Қызайбай алтын медаль алуға не кедергі болғанын айтты

Назым Қызайбай алтын медаль алуға не кедергі болғанын айтты
Фото: ҚР ҰОК/ Владислав Семенов 07.08.2024 09:55 1136

Париж Олимпиадасының жартылай финалында қытайлық У Юге есе жіберген Назым Қызайбай пікірін білдірді, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Боксшы ҰОК сайтына берген сұхбатында қыздар арасында тұңғыш Олимпиада чемпионы болғысы келгенін айтты.

Әйелдер боксынан қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы атану арманым болды. Дзюдошы қыздармен Парижде жолыққанда да соны бір бірімізге тіледік.

Қазір өзіме аса көңілім толып тұрған жоқ. Өйткені алтын алғым келді және жеңуге болатын қарсылас еді. Алайда қытай қызы жекпе жек барысында алдап кетті. Оған қоса менде «қолаға жеттің, енді алтын алу керек» деген жүктеме тұрғандай болды. Сол кедергі келтіргендей.

Жеңсем де, жеңілсем де қасымнан табылатын отбасыма, достарыма рахмет айтамын!

Жеңісімді маған қолдау көрсеткен көпшілікке арнаймын! – деді Назым Қызайбай.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға