Жаңалықтар

Назира Нұрбаева қызметінен босатылды

Назира Нұрбаева қызметінен босатылды
Фото: El.kz 30.07.2024 09:10 429

Назира Нұрбаева қызметінен босатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының өкімімен Назира Нұртүлеуқызы Нұрбаева Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Назира Нұртүлеуқызы 1975 жылы 16 желтоқсанда Алматы қаласында туған. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын және Оксфорд университетнің Said атындағы Бизнес мектебінің түлегі.

«Price Waterhouse» аудиторлық компанияның қазақстандық филиалының консультанты, «LUKOIL Overseas Services» компаниясында салық бойынша бас кеңесшісі, «Самұрық-Қазына» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры қызметтерін атқарған.

2023 жылдың тамыз айынан бастап ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға