Жаңалықтар

Nazarbayev University-дің жаңа президенті тағайындалды

Nazarbayev University-дің жаңа президенті тағайындалды
Фото: Nazarbayev University 28.06.2024 20:18 531

Астанада NU Қамқоршылық кеңесінің шешімімен Nazarbayev University-дің президенті қызметіне Ұлыбританияның азаматы А.Вакар тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

А.Вакар Брэдфорд университетінде (Ұлыбритания) PhD докторы дәрежесін алған. Доктор Вакар өзінің мансап жолында Йорк университеті мен Лондон университеттік колледжі (Ұлыбритания) профессоры қызметінен Мидлсекс университетінің (Ұлыбритания) проректорына дейін көтерілген.

2001-2004 жылдары доктор Вакар Ұлыбритания Премьер-Министрі канцеляриясы Ғылым департаментін басқарды. Ал 2017 жылдан бастап Абу-Даби университетінің ректоры болған. Ол басшылық еткен жылдары Абу-Даби университеті Times Higher Education беделді рейтингіндегі үздік университеттер арасында 250-300 диапазонына дейін көтерілді.

Сонымен қатар ол беделді ғылыми басылымдарда жарияланған 90-нан астам ғылыми жұмыстың авторы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға