Жаңалықтар

Назарбаевтың сыныптасы, Байбектің әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Назарбаевтың сыныптасы, Байбектің әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: primeminister.kz 12.07.2023 10:43 3014

Астананың әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Бауыржан Байбектің әкесі Қыдырғали Байбекке қатысты екі істі қарап жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі "Сот кабинеті" порталына сілтеме жасап.

Қыдырғали Байбекке ҚР ӘҚБтК-нің 319-бабы бойынша айып тағылған. Бұл бап тиісті жер құқығынсыз өндірістік, тұрғын үй, шаруашылық, гидротехникалық  немесе тұрмыстық объектілерді заңсыз салғандарға қатысты қозғалады.

Сондай-ақ оған ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабының бірінші бөлігі бойынша тағы бір айып тағылады. Бұл бап бойынша кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысуға, сондай-ақ тіркеусіз, рұқсатсыз әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға, сол сияқты, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, хабарламаны тіркеу, рұқсат беру, жіберу міндетті болған жағдайларда хабарламаны жібермегендер жауапқа тартылады.

"Сот кабинетінің" мәліметінше, сот бірінші істі 26 маусымда қабылдаған. Оның тыңдауы сейсенбі, 11 шілдеге жоспарланған және мобильді бейнеконференция арқылы өтуі керек еді.

Айта кетейік, Қыдырғали Байбек еңбек жолын теміржолшы болып бастаған. Зейнеткерлікке шыққанға дейін бірнеше жыл бұрын "Алматы бойынша Жолаушылар тасымалы" КМК басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды. Ол экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевпен бір сыныпта оқыған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға