Жаңалықтар

Назарбаевтың канцеляриясы жабылады

Назарбаевтың канцеляриясы жабылады
Фото: nazarbayev.kz 07.06.2023 18:02 2046

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мәжіліс кулуарында тұңғыш президент канцеляриясы жақын арада жұмысын тоқтататынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қаржы министрінің сөзінше, қызметкерлердің бір бөлігі өзге ұйымдарға ауысса, қалғаны қысқартылады.

Ол қазір қайта құрылымдау кезеңінде. Соның аясында адамдар өзге жұмысқа ауысады немесе жұмыстан шығарылады. Оның бәрі Еңбек кодексінің аясында жүзеге асады. Бұл канцелярияға ғана емес, кез келген қызметкерге қатысты. Алдын ала хабарлама берілуі керек, яғни ол жерде жұмыс орны жабылатыны туралы хабарлануы қажет, - деді Жамаубаев.  

Министрдің айтуына қарағанда, канцелярияның қайта құрылымдауынан 2-3 миллиард теңге қалады.

Ал оның қайда жұмсалатыны бюджетті реттеу кезінде анықталады, - деді ол.

Ал Нұрсұлтан Назарбаев кеңсесі қайда орналасатынын Жамаубаев білмейтін болып шықты.

Соған жауапты адамдардан сұраңыздар, мен қайдан білейін? Қандай да бір кеңселер бар шығар, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға