Жаңалықтар

Назарбаевтар әулеті Үшқоңыр тауына қарулы күзет қойған

Назарбаевтар әулеті Үшқоңыр тауына қарулы күзет қойған
Фото: Видеодан кадр 10.01.2024 17:50 2314

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Алматы облысы Шамалған ауылындағы Үшқоңыр тауының маңына өте алмағанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде депутат күзетпен қоршалып тұрған жерге кіре алмағанын айтты. 

Табиғаты керемет жер. Бұл жерде жолды жауып, қоршап тастаған. Қарулы адамдарды қойып тастаған. Ешкімді өткізбейді. Елдер өздерінің жайылым жеріне бара алмай отыр. Тіпті, қолында мемлекеттік актілері бар азаматтар да кіре алмай отыр. Мені де кіргізбеуі мүмкін. 15 гектар жердің бәрінде мал ұстап отыр деп ойламаймын. Мен былай топшылап отырмын, бұл жерде Назарбаевтардың резиденциясы бар. Ол сәл әріде орналасқан. Бірақ осы жолмен барады. Соған ешкімді жолатпау үшін қоршап тастаған, - деді депутат. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Сауле Бикитеева (@saulebikiteeva)

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға