Жаңалықтар

Назарбаевқа «мен боксшымын, ұрсам – өлтіремін» деп айттым – Амалбек Тшан

Назарбаевқа «мен боксшымын, ұрсам – өлтіремін» деп айттым – Амалбек Тшан
Фото: Амалбек Тшан / Видеодан кадр 04.05.2023 09:18 8103

Жақында мерейлі 80 жасқа толған мемлекет және қоғам қайраткері Амалбек Тшанов El.kz ақпарат агенттігінің «Базарlike» жобасында Жамбыл облысын басқарып тұрған кезіндегі қызықты естелігімен бөлісті.

Оның айтуынша, Әулиеата өңірін басқарып тұрған кезде орынбасарлары мен өзге де аудан әкімдерді ұрды деген ақпарат тарап, оған сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі араласқан көрінеді.

Бірде кабинетте отырғанымда, Президенттің көмекшісі хабарласты. Мемлекет басшысы сөйлесетінін жеткізді. Сосын телефон тұтқасын алған ол кісі «Амалбек, саған не болған, тағы бір әкімді ұрған екенсің» деп айтты. Сол кезде: «Нұрсұлтан Әбішұлы, сізге тексеру түкке де тұрмайды, өзім, мысалы, кім туралы әңгіме айтылып, кімді ұрғаным жайлы білмеймін. Ешкімді ұрған емеспін. Бірақ боксшымын,  ұрсам өлтіремін» дедім. Президент мені түсінді. Сосын күліп, телефонды қоя салды, - дейді Амалбек Тшан.

Ол мұндай қызықты оқиғаларын мерейтойында шығарған кітабында толығырақ жазғанын айтты. 

Еске сала кетейік, Амалбек Тшан ұрған деген әңгіме бұған дейін тараған. Ол 90-жылдардың орта тұсында Жамбыл облысында әкім болғанда апирт зауытының директоры болған Сұлтан Махмадовты ұрды деген қауесет тараған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға