Жаңалықтар

Назарбаев зияткерлік мектептері мен университетін қаржыландыру тәртібі өзгереді

Бұл туралы Қаржы министрі айтты
Назарбаев зияткерлік мектептері мен университетін қаржыландыру тәртібі өзгереді
Фото: sn.kz 02.02.2023 13:48 1273

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев алдағы уақытта Назарбаев зияткерлік мектептері мен Назарбаев университеті шығындарын арнайы қор жабатынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Жыл сайын республикалық бюджеттен Назарбаев зияткерлік мектептері мен Назарбаев университетін қаржыландыру азайып келеді. Осы орайда, арнайы эндаумент-қор құру қарастырлған және осы тұрғыда қаржыландыру іске асырылады. Jusan Bank аталған білім беру мекемелерін тікелей қаржыландыруы тиіс деген тұжырым мүлде дұрыс емес. Біріншіден, Jusan Bank басқа да екінші деңгейлі банктер сияқты коммерциялық бағытта қызмет етеді. Яғни, халықтың қаражатын тартады, өзінің капиталын құрады, экономикаға несие бөледі. Өзінің табысы есебінен акционерлер дивиденттері өседі. Ал акционерлер өз қаражатын эндаумент-қор аясында Назарбаев зияткерлік мектептеріне бағыттай алады. Сондықтан Jusan Bank-тен тікелей қаржыландыру болмауы керек», - деді Ерұлан Жамаубаев.

Сондай-ақ министр алдағы уақытта мектептер қалай қаржыландыратынын айтты.

«Аталған оқу орындарына бөлінген қаражаттың басым бөлігі республикалық бюджет есебінен қарастырылып келді. Болашақта оқу орындарының шығындарын толықтай аталған қор жабатын болады», - деді министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға