Жаңалықтар

Назарбаев туыстарының Британияда қандай жылжымайтын мүліктері бар екені анықталды

Назарбаев туыстарының Британияда қандай жылжымайтын мүліктері бар екені анықталды
Фото: Akorda.kz 05.09.2023 17:32 9037

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстары Ұлыбританияда 40 миллион фунт стерлингтен астам қаржыға жылжымайтын мүлікке иелік етеді. Бұл туралы Times-қа сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Басылым мәліметінше, олар офшорлық компанияларға тіркелген.

Бұған дейін бұл мәлімет құпия саналып келген. Британ үкіметтік реестрінің мәліметіне сәйкес, Нұрсұлтан Назараевтың тұңғыш қызы Дариға Назарбаеваның Лондонның солтүстігінде құны 9,3 млн фунт стерлинг тұратын зәулім үйі және Челси ауданында 31 млн фунт тұратын екі пәтері бар.

Оқи отырыңыз:

Жылжымайтын мүлік Панамадағы Tropicana Assets Foundation және Villa Magna Foundation офшорлық компанияларына тіркелген.

Ал Назарбаевтың күйеу баласы, ортаншы қызы Динараның күйеуі Тимур Құлыбаев 2007 жылы офшорлық компания арқылы қазіргі патшаның бауыры ханзада Эндрюден Беркширдегі Саннингхилл-парктегі зәулім үйін сатып алған. Ол сұралған бағадан 3 млн артық төлеп, 15 млн фунт берген.

Times-тың жазуынша, Құлыбаев Гайд-паркке жақын жерден 1,5 млн фунтқа жылжымайтын мүлік алған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға