Назарбаев басқарған "Самұрық-Қазынаның" кеңесі таратылды
Фото: nazarbayev.kz
Фото: nazarbayev.kz
16.11.2023 11:52
1464
Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" қорын басқару жөніндегі кеңесті тарататын құжатқа қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2012 жылдың 1 ақпандағы ҚР "Ұлттық әл -ауқат қоры туралы" Заңында 6-1-бап ("қорды басқару жөніндегі кеңес") алып тасталсын", - делінген құжатта.
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев басқарған Кеңес консультативтік-кеңесші орган болды. Оның міндеті Қор қызметінің бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру болды.
Айта кетейік, «Елбасы туралы» Конституциялық заңның күші жойылғаннан кейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұдан былай тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қауіпсіздігіне жауап бермейтінін жазған едік.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Зейнеткердің атына онлайн несие рәсімдеген тұрғын ұсталды