Жаңалықтар

Найзағай, жаңбыр, бұршақ: 15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Найзағай, жаңбыр, бұршақ: 15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: ©El.kz 11.09.2023 08:25 531

«Қазгидромет» синоптиктері 11 қыркүйек күніне бірқатар өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана қаласында найзағай ойнап, күндіз қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батыс жартысында екпіні 15-20 м/с құрайды. Өңірдің оңтүстігінде өрт тұтану қаупі жоғары.

Күндіз Ақмола облысының батысы мен оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде өңірдің батысында, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай болжанады. Күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде бұршақ жауып, желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, күші кей уақытта 23-28 м/с жетуі ықтимал. Өңірдің оңтүстігінде өрт тұтану қаупі аса жоғары.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күндіз желдің екпіні 23-28 м/с артуы ықтимал. Өңірдің оңтүстік-батысында кей уақытта күші 30 м/с және одан жоғары болады. сондай-ақ облыста найзағай, бұршақ болжанады,.

Түнде Атырау облысының батысында, оңтүстігі мен шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз өңірдің оңтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды. Өрт тұтану қаупі аса жоғары.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Күндіз өңірдің солтүстігі мен оңтүстігінде – найзағай, бұршақ, түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Ақтөбе облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігі мен шығысында найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Қостанай облысының оңтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай ойнап, оңтүстікте бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең өңірдің солтүстігі мен шығысында тұманды болады. Желдің екпіні 25 м/с артады.

Қызылорда облысының батысы мен орталығында найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Желдің күші 23-28 м/с артуы ықтимал. Өрт тұтану қаупі аса жоғары.

Түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Өңірдің солтүстігі мен шығысында найзағай күтіледі. Желдің күші кей уақытта 23-28 м/с артуы мүмкін. Өрт тұтану қаупі жоғары.

Павлодар облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с құрайды. Өрт тұтану қатері аса жоғары.

Түнде Түркістан облысының таулы аудандарында, күндіз солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде шаңды дауыл соғады. Желдің екпіні жекелеген жерлерде 23-28 м/с, тау асуларында 30 м/с және одан жоғары болады.

Шымкент қаласында күндіз найзағай күтіледі. Желдің жылдамдығы 25 м/с жетуі ықтимал.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға